Жаңа жыл - 2014. Жұлдызжорамал: Егіздер

Жаңа жыл - 2014. Жұлдызжорамал: Егіздер

Сіз үшін бұл жылдың қызығы мен шыжығы мол болады. Өміріңізде бұрын-соңды болмаған оқиғалар болып, жақындарыңыз танымайтындай өзгересіз. Жеке өміріңізде, мансап жолында, ақша мәселесінде, имиджіңізде барлығы жоспарлағаныңыздай болады.

Қыс. Бұл қыста жылы жүресіз. Қаңтар айында сүйіктілеріңізбен қарым-қатынастарыңызға байланысты үлкен шешім қабылдайсыз. Қызметте барынша тәртіпті болғаныңыз жөн. Өкінішке орай, желтоқсан айында сүйіктіңіз бен достарыңызбен жолығуға уақытыңыз болмауы мүмкін.

Көктем. Өзіңізді наурыз айында патшадай (патшайымдай) сезінесіз. Қолыңыздан барлығы да келіп, сізге таңдай қағып қарайтын болады. Сәуір айында жеке заттарыңызға мұқият болыңыз.

Жаз. Маусым айында қызығушылығыңызды еске алыңыз. Шілде айы нағыз жұмыс пен ақша табудың мезгілі. Ал тамыз айы отбасыңызға, жақын достарыңызға көңіл бөлетін уақыт.

Күз. Әлеуметтік ортада жақсы адамдардың назарына ие боласыз. Ал қазан айында әріптестеріңіз не құрбыларыңызбен қарым-қатынастың шынайы бейнесін көресіз.


Махаббат

Қарапайым болыңыз

Шілде айына дейін сүйіктіңізді іздеумен боласыз. Сезімге ерік бермес бұрын, мінездеріңіздің сәйкестігін ескеріңіз. Наурыз айында араласатын достарыңыздың қатары көбейіп, екінші жартыңызды жолықтыруыңыз мүмкін. Сәуір айынан бастап келесі жарты жылдықта ерекше шабытқа ие боласыз. Сол шабыттың арқасында махаббатыңыз романтикаға толып, шығармашылығыңызды шыңдай түсесіз. Мамыр айында сыйлықтардың астында қаласыз. Тамыз айы мен қазан айының ортасында жаңа бір сезімдерге ие боласыз. Ал қараша айы отбасын құруға нағыз қолайлы уақыт. Мамандар осы айда отбасын құрған ғашықтардың махаббаты мәңгілік болатындығын айтады.


Отбасы

Отбасылық өмірде өзгерістер болып, жарыңызбен уақытша жараспай қалуларыңыз мүмкін. Алайда артынша барлығы орнына келеді. Балаларыңыз жыл бойы оқыс мінездерін көрсетіп, мазаңызды алады. "Бала қылығымен тәтті" демекші оған төзуіңізге тура келеді. Отбасыңыздағы осы секілді келеңсіздіктерді жиі мерекелік дастархандар ұйымдастыру арқылы реттей аласыз. Ақпан, сәуір, маусым, қазан айларында ақылыңызды қару ретінде пайдалануыңызға тура келеді.


Достар

Құрбыжандар мен достарды еске алып тұрыңыз

Бұл жылы достарыңыздың сізге ренжуге толықтай құқысы бар. Сіз көп уақытыңызды жұмыстарыңыз бен шығармашылығыңызға арнайсыз. Жақын достарыңыз болғандықтан, сізге түсіністікпен қарап, кешіруге тиіс. Көктем мезгілінде достарыңыздың өмірінде өзгерістер пайда болады. Кездесуге әрдайым уақыт тауып отырсаңыз, олардың жанын түсіне аласыз. Достарыңызға сәуір мен желтоқсан айларының аралығында үлкен көмек қажет болады. Шілде айында ақшаңызды үнемдеуге тырысыңыз. Ал тамыз айы сіз үшін саяхаттың мезгілі. Күзде майда жұмыстардың аясында қалып қоймауға тырысыңыз.


Денсаулық

Құмырсқа әліңді біл, Аяз би жолыңды біл...

Салауатты өмір салтын сақтаңыз деген сөздер құлағыңызға жауыр болып кетсе де, бұл жылы оған аса мән бергеніңіз жөн. Түнді көз ілместен атырып, түскі астан құр қалып, демалыстарыңызды жұмыстармен өткізудің қажеті жоқ. Наурыз бен сәуір айларында созылмалы ауруларыңызды емдетіңіз. Олар буын, сүйек, тері аурулары болуы мүмкін. Осы уақыт аралығында тіс дәрігеріне жиі баруыңызға тура келеді. Сәуір айында жүйкеңіз сыр беріп, ұйқысыздық мазалауы мүмкін. Сол себепті өзіңізге деген талаптарды жұмартуға тырысыңыз. Жылы ванналар, шөптен жасалған шәйлер, табиғаттағы серуендер, сүйікті кітаптарыңыз, музыкалар, қолөнер бұйымдары көмекке келеді.


Мансап пен ақша

Әлін білмеген әлек болады

Өкінішке орай, қыс айларында мансап жолында тамыр-таныстарыңыз көмектесе алмайды. Барлығына адал еңбегіңіздің арқасында жетесіз. Көктемде ақшаңызды бейберекет жұмсап, аздап қаражат мәселесінде қысыласыз. Көктем шығармашылығыңызды шыңдауға арналған уақыт. Шақырған мәдени шаралардың барлығына бара беру міндет емес. Маусым айында басшылардың көзіне түсу үшін біраз тер төгуіңізге тура келеді. Ал шілде айында жалақыңыз өсіп, ерекше марапатқа ие болуыңыз мүмкін. Мақсатыңыздың орындалуына да жол ашылады. Тамыз бен қыркүйек айларының аралығында басшылықтың берген уәдесіне сене берудің қажеті жоқ.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: nash-gorod.ru

Қ. Бүйенбай