Жаңа жыл - 2014. Жұлдызжорамал: Арыстан

Жаңа жыл - 2014. Жұлдызжорамал: Арыстан

Арайлап атқан әрбір таңға қуану, өзгелерді таңдандыру, және өз-өзіңізге ғашық болу - осы жылды көңілді өткізуіңізге көп көмегін тигізеді. Отбасыңызға деген ерекше көзқарасыңыз ошағыңыздағы түсіністікті үйлестіруге деген құлшынысыңызды  арттырады.

Қыс. Шығармашылық қадамдарыңыз сізге үйіңізге талғаммен орналасуға мүмкіндік береді. Сауықтыру орындарына және теңізге баруға уақыт табуға тырысыңыз.

Көктем. Жақындарыңыз сіз оқумен, қағазбастылықпен іс сапарлармен басыңыз қатып жүрген қиын кезеңде қолдауға тырысады. Белсенділік пен оптимизм күмәндардан арылуға көмектесетін ең үздік дәрі болмақ.

Жаз. Өзіңіздің ішкі әлеміңізбен үздіксіз құштарлықпен жұмыс жасай отырып, сіз өзіңізді жарқын, жаңа қалыпта көрсете аласыз. Оптимизм мен жан дүниеңіздің  асылдығы сәттілік пен махаббатты жақындатады.

Күз. Жұмысқа деген жігерлілігіңіз бен үздік қарым-қатынастар кіріс мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жылжымайтын мүлік және отбасы мәселелерін шешумен айналысыңыз.

Махаббат


Романтика қанатында

Бірінші жартыжылдықта сіздің ғашықтық қарым-қатынасыңызда қыз армандайтын дүниенің барлығы болады; романтика, гүлдер, сыйлықтар, естен кетпес кездесулер т.б. Сіздің жаныңыз көбіне рухани жақындыққа, жан туыстығына негізделеді. Ал екінші жартыжылдықта сіз сүйіктіңізді жақындарыңызға таныстырып, олардың пікірін білгіңіз келеді. Күзге қарай қарым-қатынастарыңыз сенім мен жауапкершіліктің биік белесіне көтеріледі. Наурыз, мамыр, қыркүйек және қазан айлары үйленуге немесе тұрмыс құруға жайлы болмақ. Ал қаңтар, қараша және желтоқсан айлары сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды жақсарта түседі.

Отбасы


Өз үйім өлең төсегім!

Бұл жыл жылжымайтын мүлік, жөндеу жұмыстарымен байланысты мәселелерді шешуге таптырмас жыл болып табылады. Қаңтардан мамырға дейінгі аралықта немесе тамыз айында тұрғын үй мәселелері жақсарады. Көптен күткен қоныс аудару болады. Келін түсіріп, шаңырағыңыз кеңейе түседі. Екінші жартыжылдықта міндетті түрде ата-анаңыздың мәселелерімен шұғылданыңыз. Балаларыңыз өзінің шығармашылығымен, өзіндік іс-әрекеттерімен қуантады. Жұбайыңыз мансап жолында жоғарылауы мүмкін.

Достық


Іріктеу жүргізіңіз

Белсенді қарым-қатынас, достық шеңберіңіздің кеңеюі – сіздің жеке тұлға ретінде өсуіңіз үшін өте қажет. Ортақ қызығушылықтардың арқасында алыс туысқандарыңызбен қарым-қатынастарыңыз жалғасын табады. Қаңтар мен шілде айларында сіздің айналаңызда көптеген өзгерістер орын алады. Наурыз және сәуір айларында сіздің сеніміңізге қарсы қолданылған өсек-аяңдар шығуы мүмкін. Аса қатты мән бермесеңіз болады. Алғашқы жартыжылдықта қызметіңізде аздап босаңсуға болмайды. Ақпан, маусым және қазан айларында сіздің айналаңызға сенімді адамдар жиналады. Кездейсоқ таныстар болмайды.

Денсаулық


Жан мен тәннің үйлесімі

Бұл жылы сіздің ағзаңыздың қайта қалыпқа келуі қабілеті өте жоғары. Психикалық тұрғыдан кемшіліктер болуы мүмкін, сондықтан пессимизммен күресіңіз. Мерекелік іс-шараларға қатысыңыз, адамдармен көтеріңкі көңіл-күймен қарым-қатынас жасаңыз. Бірінші жартыжылдықта бауырыңыздың, асқазаныңыздың жұмысына көңіл бөліңіз. Дәл осы уақытта денсаулығыңызды жақсарту пайдалы болмақ. Шілде мен қыркүйек аралығында әлсіздікке ұшырауыңыз әбден мүмкін.

Мансап және қаржы


Ұтқырлық пен мұқият болу

Табыс көздері бұрынғыдай қалады. Тамыз айының орта шеңберінен қыркүйек айының соңына дейінгі аралықта бірнеше өзгеріс енгізу мүмкіндігі туады. Несиені рәсімдеу кезінде екіойлы тұжырымдамалар басыңызды қатыруы мүмкін, мұқият болыңыз. Мансаптық талпынысыңызға өткір қарсылықты сіз қаңтар мен ақпан айларында кезіктіресіз, алда белсенді қарым-қатынас, іскерлік сапарлар, қағазбастылық күтіп тұр. Қаңтар айынан мамырға дейін әріптестеріңізбен бәсекелеске түсесіз, дегенмен шілденің орайымен кез келген келеңсіздіктерден сытылып шығасыз. Бұл жылғы сәттілік пен дамудың потенциалдық басымдылығын өнер, медицина, ойын-сауық пен қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік пен құрылыс салаларынан көретін боласыз. Білім, ғылым, спорт, транспорт, ой еңбегі, БАҚ, қаржылық, халықаралық қатынастар секілді сала мамандарына бірінші жарты жылдықта бірқатар қиындықты басып өтуге тура келеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com, mygazeta.com

О. Сансызбай