Жаңа жыл – ғажайыптар әлемі. Біз бұған дейін осылай ойлап келген едік. Сөйтсек, мерекеге бір ай бұрын дайындалатын, тер төгетін, шырша дауыл я жаңбырдан құлағанда қайта тұрғызатын, қаланы мұнтаздай етіп тазалайтын мамандық иегерлерінің еңбегін жоққа шығарып келіппіз. Ақ орданың алдынан бастап, қаланың көрікті жерлері кімдердің қолынан, қандай жағдайда керемет көрініс табатынын бақылайық.
Хан Шатыр сауда кешенінің іші Жаңа жылды қарсы алуға толықтай дайын екен. Қонақтар мұнда кіріп келгенде ғажайып бір әлемге енгендей әсерде қалары анық.
Сурет: Ардақ Құлтай