Тышқан (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996). Бойыңыздағы мінездердің қайшылығы басқа біреулермен байланыста зардабын тигізбеуін қадғалаңыз. Тек қана ақылмен ойланып барып, шешім қабылдаңыз.
Сиыр (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997). Қоғамдық және жеке жұмыстарыңызға аса қатты мән берем деп жүргенде, жанұяңыз бен балаларыңыз сіздің өздеріне деген сезіміңізге мұқтаж болуы ықтимал. Сондықтан барлығына жол таба алатын ата-ана екеніңізді көрсетуге талпыныңыз.
Барыс (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998). Жылдың алғашқы жартысында сіздің шығармашылық ойларыңыз өзіңізді тұйыққа тіреуі мүмкін. Жаз бастала денсаулығыңызға аса мән беріңіз.
Қоян (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999). Барлық жиған-тергеніңізді жанұяңызға және үйіңізге керек-жабдық алуға жұмсайсыз. Сол себепті қаржыңызды сауатты пайдаланғаныңыздың маңызы зор. Мысалы балаңызға тәтті алып бергеннен гөрі, оның оқуына қосымша қаржы құйыңыз.
Ұлу (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000). Сіздің жаңа іс бастаймын деген ниетіңіз шын мәнінде іске асып, өз пайдаңызға жарап қалуы мүмкін. Ал жаңа адамдармен таныстығыңыз, өзіңізді сенімді адам ретінде сезінуіңізге жол ашады.
Жылан (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001). Кей кездері өзіңіз оңаша, адам аяғы баспайтын мекенге кетіп қалуды ойлап, айналаңызға сенімділігіңізді жоғалтатын мезгілдер болады. Бірақ бұл жағдайдың сізге берер пайдасы да жоқ емес. Өзіңіздің өткен шақтарыңызға ойша саяхат жасап, болашаққа жаңа армандармен аттаныңыз.
Жылқы (1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002). Табиғат аясында көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз. Бұл сізге өзіңіздің ішіңіздегі жаңа ресурстарға жол ашады. Басыңызға бұрын-соңды келмеген ойлар келуі мүмкін. Ал олардың жүзеге асуына достарыңыз қуана-қуана көмек бере алады.
Қой (1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003). Жылдың басында көптен бері ойластырып жүрген істеріңізге белсене кірісе бастайсыз. Сізді алда материалдық табыс пен мансап күтіп тұр. Дегенмен айналаңызға мұқият болыңыз.
Мешін (1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004). Бұл өмірде өзіңізге не қажет екенін тағы да бір рет пысықтап алғаныңыз артық болмайды. Ал қараша айынан бастап жаңа өмір бастауыңызға мүмкіндіктер пайда бола бастайды.
Тауық (1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005). Арманыңызды жүзеге асыру үшін қандай нәрселерге дайын екеніңізді алдағы жыл анықтап береді. Тәуекел мен кез келген мәселеге үңіліп, оң шешім шығара алу қабілетіңіз жылдың екінші жартысында міндетті түрде қажет болады.
Ит (1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006). Қоғамда жетістіктерге жетіп және абыройлы болу үшін сізге көп тер төгуге тура келіп тұр. Бірақ ақырында арманыма жеттім деп жүргеніңізде, өзіңізді біреудің пайдаланып кеткендігін кеш ұғып, бармақ тістеп қалу қаупіңіз де бар.
Доңыз (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007). Айналаңызда және өзіңіздің басыңызда болып жатқан бар құбылысқа философиялық оймен көз жүгіртіп көріңіз. Сол кезде ғана сіз сәттілікке ұшырайсыз. Біліміңізді шыңдаңыз, әртүрлі шетел жобаларына қатысып, саяхатқа шығыңыз. Осылайша өзіңіздің дүниетанымыңызды кеңейтіп, жұмысыңызға да оң өзгерістер әкелесіз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: vek-center.com