- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2014
- 2014 жылғы Шығыс...
2014 жылғы Шығыс жұлдызнамасы: Тоқты
Тышқан (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996). Серіктестік қарым-қатынастарға үйлесімділік енгізіңіз. Дос-жарандар ортасында көп өзгеріс болады. Және тұрғын үй мәселесінде оң өзгерістер болуы мүмкін.
Сиыр (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997). Таныстықтардың арты үлкен қарым-қатынасқа ұласады. Мансапта да өзгерістер күтіп тұр. Жұмысыңыздағы қиындықтар жаңа, келешегі зор жұмыс іздеуге мұрындық болады.
Барыс (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998). Алтындай уақытыңызды жақындарыңызға, сүйіктіңізге көбірек арнаңыз. Романтика өміріңізді сәндендіре түседі. Жұмысыңыз шынайы рақат пен лайықты жалақы алып келеді.
Қоян (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999). Ұйымдастырушылық қабілетіңіз жылды қызықты өткізуге септігін тигізеді. Өмірдің толыққандылығын сезініп, келелі мәселелерді шешесіз. Үй шаруасындағы мәселелерге берік болыңыз, отбасы мүшелеріне әрдайым көмек қолын созыңыз.
Ұлу (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000). Жолға көп шығасыз, таныстықтар да артығымен болады, танымыңыз бен біліміңіз кеңейе түседі. Тапқырлық, алғырлық қабілеттеріңіз де ұлғаяды деп сеніңіз.
Жылан (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001). Сізге дереу қаржы жағдайыңызды жақсартып, пайдалы серіктестік орнату керек. Қарым-қатынас пен әлеуметтік белсенділіктің де рөлі ойнайды. Жұмысыңызды ауыстыру туралы ойлап көріңіз.
Жылқы (1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002). Ішкі таланттарыңызды ашуға барыңызды салыңыз. Мансап пен қаржы биылғы жылдың жүргізуші мәселелеріне айналады. Бұл жолда сізге бірбеткейлік, тиянақтылық, үнемшілдік көмекке келеді.
Қой (1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003). Шығармашылық қабілетіңізді көрсетуге, атаққа жетуге мүмкіндік беріледі. Сәттілік әрдайым сіздің жаныңызда болады дегенге де сеніңіз. Жаңа жоспарлар пайда болады.
Мешін (1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004). Достарыңыз сізге қорған болады. Қосымша табыс көздері де шығуы мүмкін. Дәл қазіргі уақыт рухани өсу үшін таптырмас кезең.
Тауық (1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005). Табандылығыңыз бен мақсаткерлігіңіз үшін кәсібіңіздегі сәттілікке кепілдік беріледі. Араласатын ортаңызды кеңейтіңіз. Қолдауды тілектестеріңіз бен сүйіктілеріңізден іздеңіз.
Ит (1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006). Толық әрі дәлме-дәл жоспар, келешекті кемел болжай алу көздеген мақсатқа жетуге көмектеседі. Білім алуға ең ыңғайлы жыл. Шетелге шыққан сапарларыңыз оң жаңалықтарды тарту етеді.
Доңыз (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007). Қызығушылығыңыздың, талабыңыздың шекарасы кеңейе түседі. Екінші жарты жылдықта махаббатта үлкен оңды өзгерістер болады. Сіз кез келген бәсекелестік пен қарсыластықты қиналмастан жеңетін боласыз.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: tyznaesh.blogspot.com