Тышқан (1924, 1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008). Көптің жүгін жалғыз өзіңіз көтересіз. Яғни, әріптестеріңіздің тағдыры сіздің қолыңызда. Сол себепті өзіңізге жоғары талаптар қоя біліңіз.
Сиыр (1925, 1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009). Сүйіктіңізді тағат таппай іздейтін боласыз. Оны шет елден кездестіруіңіз мүмкін.
Барыс (1926, 1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010). Жұмысыңызды ойдағыдай орындайсыз. Барлық жағдайда өмірге деген философиялық көзқарасыңыз көмекке келеді.
Қоян (1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011). Бұл жылы көңіліңіз көтеріңкі болады. Өмірдің өзі – үлкен мереке. Сол себепті қандай жағдай болса да, мұңаймаңыз, оның барлығы да өткінші.
Ұлу (1928, 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012). Уақытыңызды сүйіктіңізбен қарым-қатынастарыңызды талдауға жұмсайсыз. Оны көбірек түсінуге тырысыңыз.
Жылан (1929, 1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013). Бұл жылы жаңа адамдармен танысасыз. Ол адамдардың ішінде болашақ жарыңыз да болуы мүмкін.
Жылқы (1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002). Бұл жылы табысқа кенелесіз. Қолыңыз мерекелік жиындардан босамайтын болады. Әр нәрсенің шегі бар. Сол себепті ақшаны үнемдей біліңіз.
Қой (1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015). Сіздің жасырын жатқан талантыңыз көпшіліктің назарына ілігеді. Ең бастысы оны ұялмай көрсете білу. Ата-анаңызды ұмытпаңыз.
Мешін (1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016). Қоғамдық көлікте бейтаныс адамдармен сөйлесу арқылы танымыңызды кеңейте аласыз. Сіз үшін тыныштық пен жалғыздықтың маңызы зор.
Тауық (1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005). Көрінгеннің жетегіне ермей, өзіңіздің жолыңызбен жүріңіз. Тәуелсіз болуға үйреніңіз. Тілектестеріңіздің ғана көмегіне жүгінсеңіз болады.
Ит (1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018). Абай айтқандай бұл жылы сізді қайратыңыз бен ақылыңыз екі жақтап алып шығады. Ерекше қабілетіңіз бен шыдамдылығыңызға өзіңіз де таңғалуыңыз мүмкін.
Доңыз (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019). Түйсігіңізге толықтай сенуіңізге болады. Ол сізді қиын сәттерден алып шығады. Осы жылғы алыс сапарлар мен жаңа таныстар дүниетанымыңызды кеңейтеді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: vk желісінен