Тышқан (1924, 1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008). Осы жылы келеңсіз жағдайлардан тәртіп пен ұстамдылығыңыз алып шығады. Алғашқы жарты жылдықта денсаулығыңызға мән бергеніңіз жөн. Екінші жарты жылдықта сүйіспеншілікке толы махаббат пен өмірлік табыстарға қол жеткізесіз.
Сиыр (1925, 1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009). Осы жылы спорт ойындарынан, шығармашылық сайыстардан бас бәйгеге ие болу мүмкіндігіңіз бар. Ал сүйіктіңізді жолықтыруға дайынсыз ба?
Барыс (1926, 1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010). Қызмет барысында шығармашылық қабілетіңізбен қатар ұстамды мінезіңізді қатар алып жүруге міндетті боласыз. Жауапкершілік қасиетін де серік тұтыңыз. Махаббат пен жұмысты, сезім мен мансапқа ұмтылысты шатастырмаңыз.
Қоян (1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011). Алғашқы жарты жылдықта отбасылық құндылықтарға мән беретін боласыз. Ата-анаңыздың туып-өскен жеріне барып көп өзгерістерге ие болуыңыз мүмкін. Ал бала тәрбиелеу қасиетіңіз өзгелерге үлгі болуы мүмкін.
Ұлу (1928, 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012). Сізден туған-туысқандарыңыз көмек сұрауы мүмкін. Ортақ еңбектеріңіздің арқасында көп ақшаға кенелесіздер. Үйіңізде таныстарыңыздың көмегімен жөндеу жұмыстарын жүргізесіз.
Жылан (1929, 1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013). Өміріңізді көңілді бастаңғылар мен жаңа таныстарыңыз түбегейлі өзгертуі мүмкін. Ал ақшаны жақсы адамдармен тіл табыса алу қасиетіңіздің арқасында табасыз.
Жылқы (1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002). Бар күш-жігеріңізді ақша табуға жұмсайсыз. Көршілеріңізге де мән беріңіз, олардың арасында болашақ әріптестеріңіз болуы мүмкін.
Қой (1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015). Жаңа ортаға қосылмас бұрын, бойыңыздағы көп қасиеттерді өзгертуіңізге тура келеді. Ал жаңа ортаға енуіңізге достарыңыз көмектесе алады. Өзгелерді өз жолыңызбен жүргізетіндей қасиетке ие боласыз.
Мешін (1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016). Мансап жолын қуамын деп рухани байлықтарды ұмытып кетпеңіз. Ұмытқан жағдайда күйзеліске ұшырауыңыз мүмкін.
Тауық (1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005). Көп кітап оқыдым екен деп дандайсып жүрмеңіз. Ақылды болу өзгеге ақыл айту керек деген сөз емес. Тәжірибеңізбен сізден көмек сұраған жағдайда ғана бөлісіңіз.
Ит (1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018). Осы жылды қателіктеріңізді мойындап, олармен жұмыс істеудің арқасында қызықты етіп өткізе аласыз. Көп ақшаның адами қасиеттеріңізді әлсіретуіне, ал үрейдің бойыңызды билеп алуына жол бермеңіз.
Доңыз (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019). Бұл жылды ойдағыдай өткізу үшін өзгелермен тіл табыса білуіңізге тура келеді. Мүмкіндіктеріңіз тек өзіңіздің ғана қолыңызда.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: vk желісінен