- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2014
- 2014 жылғы Шығыс...
2014 жылғы Шығыс жұлдызнамасы: Арыстан
Тышқан (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996) Сіздің негізгі қаруыңыз мейірімділік пен қайырымдылық болады. Сіз қоғамдық өмірде белсенділік танытасыз.
Сиыр (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997) Мүмкіндіктеріңіз бен біліктігіңізді барынша қолдануға тырысыңыз. Жұбыңызбен келіссөздер көп еңбек талап етеді. Сіздің қолыңыздан бәрі де келеді.
Барыс (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998) Достарыңыздың көмегін қажет етесіз. Бірінші жартыжылдықта жеке өміріңізге көп көңіл бөлгеніңіз жөн. Келесі жартыжылдықта сізді табыс және жұмыста жоғарылау күтіп тұр.
Қоян (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999) Жанұядағы еңбегіңіз ақталады. Жылдың орта шегінен жеке өміріңіз қуаныш пен жарқын көріністерге толығады. Оқыс шешім қабылдамағаныңыз жөн.
Ұлу (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000) Үйдегі жағдайды реттей отырып, қарапайым болуға тырысыңыз. Бұл жылы оңай шешім мен жолдар дұрыс болмауы мүмкін. Достарыңыздың көмегіне жүгініңіз.
Жылан (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001) Бірінші жартыжылдықта материалдық қорыңызды мықтап аласыз. Екінші жартыжылдықта маңызды кездесуге қол жеткізесіз немесе жанұяңызда толық гармония орнығады.
Жылқы (1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002) Қуаттылық пен өз үстінде жұмыс істеу жұмысыңызда құрмет, кәсіби өсім мен қаржылай толымдылық алып келеді. Сүйгеніңізбен сөз таласпағаныңыз дұрыс, бірге көбірек уақыт өткізіңіз.
Қой (1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003) Кез келген жағдайда өзіңізге сенімді болыңыз. Шығармашылық шабыт пен табиғилық барлық қиындықты жеңуге септік болады. Қуанышқа толы жеке өміріңіз рухани толуыңызға себеп болады.
Мешін (1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004) Қайырымдылық пен ортақ мүдде үшін күресу қабілетіңіз сіздің толағайыңызға айналады. Албырттық пен сезім де кенде емес. Екінші жартыжылдықта рухани тепе-теңдікте боласыз.
Тауық (1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005) Алыстағы армандарыңыздың орындалуында сізге сәттілік жолдас болады. Қоғамдық өмірдегі белсенділігіңіздің арқасында көп достар табасыз. Интуицияңызға сүйеніңіз.
Ит (1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006) Іскерлік талаптар мен жекелеген мақсаттарыңызды жүзеге асыру толық дайындықты керек етеді. Бос уақытыңызды шығармашылық ойларыңызға жұмсаңыз.
Доңыз (1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007) Сіздің каржылық сапаңыз шыңдала түспек, және сапалы жаңа деңейге көтерілмек. Екінші жартыжылдықта сізді асулар күтіп тұр. Жұмысыңызда да біршама қолдауға ие боласыз.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com
О. Сансызбай