- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2013
- Шырша - Жаңа...
Шырша - Жаңа Жылдың басты нышаны
Жаңа Жылдың ең әдемі және ең қызықты дәстүрлерінің бірі – шыршаларды безендіру. Тіпті ойлап қарасаңыз, шыршасыз қыстың ең басты мерекесін елестету мүмкін емес! Бұл бүкіләлемдік дәстүр әрі оның өте бай тарихы бар. Ендеше тарих беттерін бірге парақтап көрелік, шыршаны не үшін безендіреміз және бұл салт қалай пайда болды?
Ықылым замандарда адамзат баласы табиғат күшін құдайдай көріп, теріс күштердің бар екендігіне шын нанған және олар ормандағы қылқан жапырақтылардың арасын мекендейді деп ойлаған. Алғашқы адамдар осы күштер сұрапыл дауылдар мен борандарды жіберіп, аңшылардың үрейін ұшырады, сондықтан жанымызды сақтап қалу үшін олардың көңілін табу керекпіз деген шешімге келеді. Әсіресе, жаңа жыл түні мазамызды алмасын деген ниетпен оларды сәндеп, безендіріп қоюды әдетке айналдырады. Оның үстіне мәңгі жасыл шыршалар - ұзақ өмірдің нышаны да емес пе?
Әрине, бұл ел аузындағы ескі аңыздар, ал нағыз нақты деректер шыршаны мереке нышаны еткен - неміс Реформациясының басшысы Мартин Лютер дегенді айтады. Жаңа Жыл қарсаңындағы аяз шықырлаған жұлдызды түндердің бірінде Мартин орман ішінде келе жатып, қысы-жазы жап-жасыл болып тұратын шыршаны көреді де, отбасын қуантапақ болып, қолындағы балтасымен шауып алып кетеді. Үйіне әкелген соң қаңырап тұрған шыршаға көңілі толмай, шырақтармен, түрлі-түсті қағаздармен безендіріп қояды. Мұны көрген өзге таныстары да Мартиннің әрекетін қайталайды. Көп ұзамай бұл дәстүр күллі әлемге тарап кетеді.
Безендірілген шыршалар туралы алғашқы жазба деректер 1605 жылы жазылған. Онда: «Жаңа Жыл қарсаңында Страсбургте әрбір отбасы үйіне шырша ағаштарын алып келіп, түрлі-түсті қағаздардан жасалған раушан гүлдерімен, алмалармен, жылтыр қағаздармен, қантпен безендіреді» делінген.
Америкаға шыршаны безендіру дәстүрін жеткізген де осы неміс елшілері мен 1804 жылы тәуелсіздік үшін болған соғысқа қатысушылар екен. АҚШ-тың 14-президенті Франклин Пирс 1923 жылы Ақ Үйде Шырша жағу салтанатын өткізеді.
Дәл осы жылдан бері әрбір тәуелсіз мемлекет шырша жағу салтанатын өткізуді дәстүрге айналып келеді. Біздің елімізде мұндай іс-шара желтоқсан айының басында өткізіледі.
Суреттер:mordasti.ru,desktop.kazansoft.ru,ochkavpechatleniy.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева