Мәзір: Жаңажылдық жыландар

Келе жатқан Жыл - шығыс жыл санау бойынша Жылан жылы болмақ. Сол себепті дастарханыңызда осындай жыландардың болғаны мерекелік көңіл-күй сыйлап, үстеліңізді ерекше қылады.

Құрамы:

Ақ нан; Балқытылған ірімшік - 50 г; Қызыл уылдырық - 100 г; Картоп - 3-4 дана; Қара бұрыш дәндері; Зімбір (имбирь). Нанды тураймыз. Картопты пісіріп, езбе жасаймыз. Балқытылған ірімшік жағамыз. Үстінен уылдырықты молынан саламыз. Картоп езбесін жылан денесі пішінінде сығамыз (пакет қолдануға болады). Жыланның көзін бұрыш дәндерінен, тілін зімбірден жасаймыз. Жыландар дайын! Асыңыз дәмді болсын.

Дайындаған: Сания Аринова