Массагет "Жыл сұлтаны" мен "Жыл аруын" анықтады

Массагет "Жыл сұлтаны" мен "Жыл аруын" анықтады

Массагет жыл соңында 2012 жылдың сұлтаны мен аруын анықтады. 

"Жыл сұлтаны" атағына Effective Media Liaison холдингінің директоры, tengrinews.kz, vesti.kz сайттарының жетекшісі Сұңқар Болатұлы лайық деп танылды. Ол қай кезде де Массагетті қолдап жүреді. Кез келген жағдайда қолдан келер көмегін аямай, әрқайсымызды жігерлендіріп, шалқар шабыт беретін де осы кісі. Сәттілікке жеткен Сұңқар Болатұлы үш бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасының отағасы. Ол "Массагет Тенгриньюстің жетістігін қайталайды" деп сенеді. 

"Жыл аруы" ретінде "Алаш айнасы" газетінің қызметкері Назерке Нысанбаева таңдалды. Айналасын күлкімен көмкеріп жүретін Назерке қылықты ару ғана емес, сонымен қатар Массагеттің тұрақты қолданушысы. Кейде өткір пікірлерімен көзге түсіп жүрген Назерке порталымызда бұдан да белсенді бола түседі деп ойлаймыз.

Өзгелерден оқ бойы озып шығып, мәртебелі атақ иелері атанған Сұңқар Болатұлы мен Назеркені шын жүректен құттықтаймыз! 

Құрметпен: Массагет.кз редакциясы

Сурет: livejournal.ru, жеке мұрағат

Р. Роза