Жыл қорытындысы: “Авто” айдарына шолу

Жыл қорытындысы: “Авто” айдарына шолу

Жылды қорытындылай отырып, төменде сіздерге “Авто” айдарындағы ең қызықты материалдарға шолу жасаймыз.

ТАҚЫРЫП

КӨРІЛІМІ

ПІКІР

ҰНАДЫ

Авто. Бағдаршам жайлы

2096

1

1

Автокөлік жайлы қызықты мәліметтер

1740

7

1

Автокөлік туралы әнектер

1729

8

5

Әлемдегі ең алғашқы көлік

1498

2

1

Жаңа Toyota Camry

1480

61

1

 

 

 

 

Авто айдарындағы ең көп көрілген тізімнің біріншісінде Авто. Бағдаршам жайлы деген танымдық материал тұр. Бұл материалда бағдаршамның ең алғашқы қолданылуы, даму тарихы туралы айтылған. Оқырманға, оның ішінде жүргізушілерге жүйелі білім беретін бұл материалды тамаша деп бағалауға әбден болады. Алғашқы бағдаршам 1868 жылы 10 желтоқсан күні Лондондағы Британия парламенті ғимаратының маңында орналастырылған. Бағдаршамды ойлап тапқан адамның есімі Дж. П. Найт. Осыдан кейінгі бағдаршамның даму тарихы жайлы егжей-тегжейлі баяндалған.

Автокөлік жайлы қызықты мәліметтер қызықты материалдар тізімінің 2-орнында тұр.

Бұл материалды бізге Нұрғазы есімді қолданушы жіберген екен. Егер көлік жайлы қызықты деректер білгіңіз келсе, осы материалды оқып көріңіз. Мысалы, Сатуға арналған бірінші автокөлікті Даймлер Бенц 1887 жылы құрастырыпты. Алғашқы автокөлікте рульдің орнына басқару тұтқалары пайдаланылған. Әлемдегі ең арзан автокөлік - Tata Nanо. т.б. қызықты деректерді осы материалдан оқи аласыз.

Автокөлік туралы әнектер мұнда кілең автокөлік, жүргізуші туралы анекдоттар топтастырылған. Қызықты, шағын күлдіргі әңгімелерден сусындаңыз.

Әлемдегі ең алғашқы көлік деп аталатын жазба автокөліктің шығу тарихынан хабардар етеді. Әлемдегі ең алғашқы көліктің жобалануы, жасалуы жайлы тың деректермен таныстырады. Әлемдегі ең алғашқы автокөліктің тарихы Николас Джозеф Кагнот есімді механикпен тікелей байланысты. Алғашқы көліктің жылдамдығы өте баяу болатын, сағатына 4 шақырым. Ары қарай қызықсаңыз, материалы оқыңыз.

Жаңа Toyota Camry”. Бұл да қызықты материал. Жаңа шыққан Camry v50 автокөлігі егжей-тегжейлі таныстырылған мақаланың соңы қызықты талқылауға ұласыпты. Жалпы 61 пікір жинаған материал несімен қызықты болды дейсіз ғой. Сілтемені басып көріңіз.

Сонымен, “Автокөлік” айдарындағы ең қызықты материалдар тізбесі аяқталды. Құрметті, оқырман, өзіңіз де ең қызықты деп ойлаған жазбаларға баға беріңіз.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: massaget.kz

Қ. Қауымбек