Жаңажылдық тәттілер

Жаңажылдық тәттілер

Әлем елдерінің ең таңдаулы жаңажылдық тәттілерімен таныс болыңыз...

1. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әрбір итальяндық отбасының дастарханында панеттон атты тамаша дәстүрлі  тағам пайда болады. Панеттон – цилиндр пішінді жүзім мен апельсин цукаты қосылған жаңажылдық тағам. Әдетте оның биіктігі 30 сантиметр болып келеді. Панеттонмен бірге ыстық сусындар мен Spumante, Moscato сынды итальяндық тәтті шараптар ұсынылады. 


2. Неміс халқы нан тағамдарын өзге ұлттарға қарағанда өте жақсы дайындайды. Олар бұл мерекеге арнап Штоллен (Christstollen) атты нантектес жеміс бәлішін әзірлейді екен. Оның ең кең тараған түрі - жүзім, жаңғақ, марципан, көкнар қосылғандары. Штолленді немістер секілді ешкім пісіре алмайды. Олар мерекеден бір ай бұрын дайындалады және салқын жерде 2-3 айға дейін сақтала береді.

3. Пеппаркакор – бұл шведтердің жаңажылдық печеньесі. Өте жұқа, қытырлақ, әдеміше безендірілген пеппаркакордың дәмін тату көптеген туристердің арманы десе де болады. Тәтті ағылшындықтардың зімбір қосылған печеньелеріне өте ұқсас. 

4. Жаңа жыл қарсаңында Еуропа мен Америка көшелеріндегі дүкендер мен лашықтар түрлі пішіндегі марципандарға лық толады. Олардың Жаңа жылдарын марципансыз елестету мүмкін емес.

5. Жаңажылдық мұз кәмпиттер – әлемдегі кез келген баланың сүйікті тәттісі. Сірә, Аяз Атадан мұз кәмпит әкелуін тілемейтін бірде-бір еуропалық сәби жоқ шығар. ХVІІ ғасырларда бір түсті таяқша түрінде пайда болған бұл тәттілер ХІХ ғасырдан бастап қызыл жолақты етіп сатылымға шығарылып отыр.

Ал сіздің отбасыңызда мереке қарсаңында қандай тәттілер әзірленеді?

Суреттер:gololiod.livejournal.com,grondard.ru,annesfood.blogspot.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева