Жаңажылдық мәзір: Манты

Жаңажылдық мәзір: Манты

Манты — елімізде дәстүрлі ас түріне айналып кеткен тағам. Ол тойымды, дәмді, баршаның сүйікті асы. Мантыны қарапайым күннің дастарханына да, біздей мерекелік дастарханға да әзірлесеңіз болады. 

Ал мантының жаңажылдық дастархандағы орны бөлек. Нағыз мерекелік тағам сіздің жаңажылдық мәзіріңіздің басты тағамы болсын.

Құрамы:

  • Тартылған ет — 500 гр;
  • Пияз — 2-3 дана;
  • Асқабақ — 500 гр;
  • Тұз, бұрыш.

Қамыр:

  • Жұмыртқа — 1дана;
  • Ұн;
  • Су — 1 стақан.
Алдымен қамырын дайындаймыз.
Жұмыртқаға су құйып, ұн қосыңыз.
Жұмсақ етіп нан илеңіз. Қамырды 10-15 минутқа жылы жерге қоя тұрыңыз.
Асқабақ пен пиязды турап, тартылған етпен араластырыңыз. 

Қамырды жұқа қылып жайыңыз.
Бірдей етіп төртбұрыштарға тураңыз.
Салындыға тұз бен бұрыш қосыңыз.
Мантының пішінін келтіреміз.
Буға пісіретін ыдыстың астын майлап, араларын ашық қылып мантыны жайғастырыңыз. 45 минуттан кейін дәм татып, піскенін тексеріңіз.
Манты дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

С. А