Чак-чактың жасалу жолын ұсынамыз.
Құрамы:
жұмыртқа - 2 дана; ұн; сұйық май; ас содасы; қоютылған сүт; көкнәр (мак);
Жұмыртқаға сұйық май мен сода қосамыз.
Ұн қосып, жұмсақ қамыр илеңіз.
Қамырды 15-20 минутқа жылы жерге қойыңыз.
Уақыт өткен соң, қамырды жайыңыз.
Оны жұқа қылуға тырысыңыз.
Қамырды тігінен таспаларға бөліңіз.
Кейін көлденең турап, төртбұрышты пішінге келтіріңіз.
Чак-чакты қызып тұрған майға сары түске дейін қыздырыңыз.
Артық майын ағызыңыз.
Қоюлатылған сүт пен көкнәр қосып, бір араластырыңыз.
Чак-чак дайын. Ас болсын!
Дайындаған: Сания Аринова