Жаңа жылға бір апта уақыт қалды. Демек, бір аптадан кейін сізге ауыр тағамдар, тіскебасарлар, салттар жеуге тура келеді. Осы апта ішінде шамалы арықтаймын десеңіз, жаңажылдық кешке дайын болыңыз.
- Сұйық калорияларға шектеу қойыңыз. Минералды суды газсыз, шәйді қантсыз, майлығы төмен сүт ішіңіз.
- Калориясы мол тағам түрлерінен бас тартыңыз. Мысалға ірімшік тілімінде 200 ккалға дейін болады. Бұны тауық етімен де ауыстырса болар еді.
- Тәттіге жоқ деңіз. Бір апта бойы еш тәтті жемеңіз. Мүлдем шыдамаған сәттері йогурт жесеңіз болады.
- Сұйық тағамдар рационыңыздың басты бөлігін құрасын. Бір тәрелке көкөніс сорпасы 80-ақ ккал бола тұра, қарынды тойдырады.
- Осы аптаның екі күнін тазарту күндері деп жариялап, өзіңізге тек буға пісірілген көкөністер, ботқа жеуге рұқсат беріңіз.
- Сұлы жармасын, күріш сияқты дәнді дақылдарды жеуді әдетке айналдырыңыз. Бұндай тағамдар ұзақ уақыт бойына аштық сезімін басады.
- Тамақты тұздамаңыз. Тұздалған тағамға құмарлық ағзада артық сулардың жиналуына себепкер болады. Бұл бірнеше артық килограмм береді. Бір апта тұзсыз тамақтансаңыз, бірден өзгергеніңізді байқайсыз.
- Етті балықпен алмастырыңыз. Ол жеңілірек қабылданып, ағзаға пайдалырақ болады.
- Кешкі сағат 6-дан кейін тамақтанбаңыз. Алайда ұйқы алдында бір стақан айран ішуге рұқсат.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: blogs.lb.ua
С. А