Жаңа жыл кешінен соң қалыпқа түсудің жолдары

31 желтоқсан. Жаңа жылға санаулы сағаттар қалды. Әрқайсымыздың жоспарымыз әртүрлі. Дегенмен, бәріміз де дастархан басында қарсы аламыз-ау десек, қателеспеспіз. Көңіліміз көкте болса да, көбіміз тойлатамыз деп жүріп, бірнеше күн қатарынан жөнді ұйықтамаймыз. Мерекеден соң, асқазан мен бас ауырып, тұла-бойымыз дел-сал күйге енеміз. Әрі-сәрі кейіппен өз-өзімізге келе алмай жатамыз. Дегенмен, оқу, жұмыс аптасының да бар екенін естен бір сәт те шығармаған жөн. 

Мейрамнан кейін өмір ырғағына ілесіп кету үшін қалпымызға қайтып келуіміз керек. Кеңестер сіз үшін:

1. Басыңыз "сынып" бара жатқан жағдайда, дәрігерлер аспиринге қарағанда, аскорбин қышқылының әлдеқайда пайдалы екенін айтады. Бірден екі данасын қабылдаған дұрыс. Бұл ағзадағы әр түрлі токсикалық заттардың сыртқа шығуына көмектеседі.

2. Бір стақан жылы сүт ішіп алыңыз. Өйткені, сүт асқазаннан артық заттарды шығарады. Жалпы диетологтар сүтті күн сайын таңертең ішіп тұруға кеңес береді. Бір күн бойы барлық ауыр астан бас тартып, тек сұйық тағамдарды ішіңіз. Бір күн ішінде 2 литрдей сұйық ішуге тырысыңыз. 

 

3. Ваннаға жылы суды көпіртіп, бірнеше минут отырыңыз. Ванна шаршағаныңызды басады. Мейрамнан кейінгі сарқылған күшіңізді ваннадан басқа қандай жер толтыра алады?

 

4. Бәрінен бұрын, ағзаңыздың дауасы - жөнді ұйқы болмақ. Ұйқыға ертерек жатып, әдеттегіден бірнеше сағат ұзақ ұйықтаңыз. 

 

Жаңа жыл құтты болсын! 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: utro2.ru, mybestfriendshair.com, favim.ru