Жер бетіндегі өзге тіршілік иелерінен тым ерекше жаратылған "адам" деген екі аяқ, жұмыр басты пенделер өзін қоршаған ортаның құпияларын әлі күнге дейін толық шеше алмай келеді. Әдеттегіден ерекше, не болмаса тылсым құбылыс туралы ести қалсақ яки көре қалсақ: таңғажайып, ғаламат, ғажап, сұмдық, адам нанғысыз, о сұмдық, неткен керемет сынды таңқалысқа толы сөздерді аузымызға алатынымыз бар. Сіз бен бізге осы сөздерді жыл бойы айтқызып келген - "Әлемтану" айдары деп білемін.
Өзге елдің тыныс-тіршілігі мен әдет-ғұрпын, ұлттық құндылықтарын, әлемнің ең озық сәулет үлгілерін, Табиғат-Ананың таңғажайып құпияларын паш ету сондай-ақ, өз еліміздің көпшілікке беймәлім қыр-сырын таныту мақсатында ашылған Әлемтану айдары о бастан-ақ алдына қойған мақсатын орындап келеді. Бір сәт тынбастан бір жыл бойы оқырмандарына қызмет еткен Әлемтану көпшілігіңіздің танымдарыңызды кеңейте білді деген ойдамыз.
«Шартарап», « Жаһан», «Қазақстаным» бөлімдерінен тұратын Айдарда жыл бойы 800-ден астам материал жарық көрген.
Назарларыңызға оқырмандарымыздың жылы пікірлеріне ие болған және ең көп көрілген материалдарды ұсынамыз:
«Қазақстаным»бөлімінің ең үздік бестігі:
«Шартарап» бөлімінің ең үздік бестігі
«Жаһан» бөлімінің ең үздік үштігі
Суреттер: Массагет мұрағатынан
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева