2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Торпақ

Сезімдер патшалығына еніңіз!

Әйелдерге

Сіз осы уақытқа дейін өз жақындарыңызға көп қамқор болып келдіңіз. Өзіңізді де бір сәт ойлайтын кез келді. Сізді осы жылы көптеген саяхаттар күтуде. Бірталай білім белестеріне жетіп, жұмысыңыз үшін көп тәжірибе жинауға жаңа мүмкіндіктер туады. Тек білгеніңізбен бөлісуді ұмытпаңыз. Өз оқығаныңызды іс жүзінде жүзеге асырып ұжыммен жұмыс жасауға тырысыңыз. Көппен тәжірибе алмаспай, томаға-тұйық қалу бар білгеніңізді жоққа шығармақ. Жылдың алғашқы жартысында сіз өзіңізге жиі көңіл бөліп, күн тәртібіңізге дүкен аралауды көп енгізетін боласыз. Ал жылдың екінші жартысы сіз үшін жаңа таныстықтар мен қарым-қатынасқа толы. Әсіресе мамыр айында менмендік қасиетіңізге тұсау салыңыз. Бұдан кейін бұл қасиет жақсылыққа апармайтынын түсініңіз.

Ерлерге

Жыл басталысымен-ақ әріптестеріңіз арасындағы қарым-қатынасты түзеп алыңыз. Өз артық мінезіңізді көрсетіп, болмашы нәрседен дау шығаруға асықпаңыз. Жұмыста қиындықтар туып жатса, үстел басына отырып бәрін тек бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз. Егер сабыр сақтасаңыз, сіздің ұйымшыл топ құруға мол мүмкіндігіңіз бар. Егер сіз жаныңыздағыларды разы қылсаңыз, демек сіздің де армандарыңызға жетуіңізге аз қалғаныңыз.

Жеке өмір

Әйелдерге

Осы жыл - сіздің өміріңіздің ең шешуші жылы. Егер осы уақытқа дейін таңдағаныңызбен сөзіңіз жарасып жүрсе, онда оның үйлену туралы ұсынысына ойланып тұрудың қажеті жоқ. Бірден келісім беріңіз! Өйткені сіз үшін бұл нағыз жаңа өмірдің есігін ашар уақыт. Ал егер бұл жылды жартыңызсыз қарсы алсаңыз, жалғыз қалам деп уайым қылушы да болмаңыз. Өйткені сіз үшін махаббат хикаялары тамыз бен қыркүйек айларында басталмақ. Сүйіктіңізбен жиі оңаша қалыңыз. Бір-біріңіздің көңілдеріңізді аулап, тосын сый жасап тұрудың да еш әбестігі жоқ. Таңғажайып кездесулер ұйымдастырып, сүйіктіңіздің өзін жалғыз сезінуіне жол беруші болмаңыз.

Ерлерге

Барлық жұлдыздар сізге махаббат жолында көмектесуге әзір. Сіздің өміріңіздегі ең керемет таныстық осы жылы орнамақ. Егер сіз өз сүйгеніңізді өткен жылы-ақ тауып қойсаңыз, онда үйленуге белді бекем буғаныңыз жөн. Жазда махаббат үшін уақытты аямаңыз. Жаныңыздағылар мен өзіңіздің ішіңізге қайта үңіліп көріңіз. Сізге не керек? Өз өміріңізге разысыз ба? Жылдың ең елеулі оқиғалары қараша айында болмақ. Жауапкершіліктен қашпаңыз. 

Жұмыс пен мансап

Әйелдерге

Осыған дейін қызметіңіз аса жоғарылай қоймаса да, сіз жұмысыңызды жан қалауымен жасап жүргеніңізді ұмытпаңыз. Сондықтан да сіз сүйікті ісіңізден еш жалықпайсыз. Қаңтар айынан бастап-ақ осы қарқынмен біршама белесті бағындыруға болытынына көз жеткізесіз. Ал ақпан айында сізге тамаша ұсыныстар келіп түседі. Келісіңіз! Тек ол үшін тағы да ары қарай күш сала жұмыс жасауға тура келеді. Ұжымның да пікіріне құлақ асыңыз. Бірігіп пішкен тонның келте болмасын үнемі есте ұстап, әріптестеріңізбен де кеңесіңіз. Сонда тобыңыздан да ажырамайтын боласыз. Түрлі жобалар мен шараларға бел шеше кіріскеніңіз өзіңізге тиімді.

Ерлерге

Жұмыстағы қызмет сатысымен аса жоғарылай қоймасаңыз да сіздің жұмысыңызбен еш қиындығыңыз жоқ. Қаңтар мен ақпан айларында сізді қызықты жобалар күтуде. Осы айларда өз идеяңызды жүзеге асыруға жол ашылатын болады. Жоғарыдағылар сіздің пікіріңізбен міндетті түрде санасатын болады. Сондықтан жұмысыңыздағы әріптестеріңізбен үнемі санасып отырыңыз. Артқан сенімді ақтайтыныңызды дәлелдеп шығыңыз! Жылдың екінші жартысында іскерлік кездесулер көбейеді. Түрлі көрмелер мен презентацияларда жиі болуға тырысыңыз.

Сіз сүйген адам

Әйелдерге

Сізге өзіңізбен тіпті жердің шегіне дейін баруға дайын тұратын мықты ер адам керек. Сіз осы жылы түсінушілікке қатты зәру болуыңыз мүмкін. Сондықтан шамаңыз келгенше, өзіңізді айтпай-ақ ұғатын жанды таңдаңыз. Жұлдыздардың жорамалынша, жыл сойыңда сізге қамқор және еңбекқор адам жолығады.

Ерлерге

Сізге сезімтал әйел адам дәл келеді. Бірақ сізді осы жылы өз кәсібінің білгірі атанған әлеуметтік орындарда өз орны бар әйелдер қызықтырады. Ал жылдың екінші жартысында сүйгеніңіз сіздің тек жартыңызға ғана емес, сенімді досыңызға да айналуы мүмкін. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: myzodiak.info