Тәуекелге бел буып үйреніңіз! Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып сыйлық күтіп тұр. Бастысы - өзіңізге нақты ненің керек екендігін білу. Жылдың басты жаңалығы - көп нәрсенің қайта жаңаруы. Сіздің бақытқа жетуіңізге кедергі жасайтын дүниелермен қоштасу үшін тәуекелге бел буатын кезіңіз келді. Аса құлшыныспен іс бастау бірқатар армандарыңыздың орындалуына себепкер болмақ. Ал ең маңызды кездесулерді сәуір айынан күте берсеңіз болады. Өздігіңізден жұмыс жасауға қорықпаңыз. Сіздің екінші жартыңыз сізді үнемі қолдап, құлшынысыңызды арттырып отырады. Қараша айында сіздің әлеміңізде айтарлықтай оң өзгеріс болады.
ЕрлергеАрманға жету үшін жеңіл жолды таңдауды доғарыңыз. Кез келген жағдайға қарсы тұруға жетер қауқарыңызды сәтті пайдаланыңыз. Бұл жыл сізден төзім мен ақылдылықты қажет етеді. Алғашқы жартыжылдықта қаржы ісінде дұрыс қадам жасауға дайын болыңыз. Жыл бойы жасаған еңбегіңіздің жемісін қараша айында көретін боласыз.
Жеке өмір
Нәзік жандыларғаСіз осы жылы да бақытыңызға жету жолында белсенділік танытатын боласыз. "Мастер и Маргарита" романындағы Маргарита секілді көшеге шығып алып сүйіктіңізді іздеу үшін тәуекелге бел байласаңыз да, қой демейміз. Сіз мықтысыз, әйткенмен "солай екен" деп, шектен шығып кетуші болмаңыз. Шілде айында сізді ерекше кездесулер мен демалыс күтіп тұр. Егер сәтті өрбіп жатқан махаббат отбасын құруға дейін барып жатса, онда тамыз айында неке қиюға болады. Сіз үшін қыркүйек - романтикалық оқиғалардың айы.
ЕрлергеӨзіңіздің нағыз ерге тән мінезіңізбен сіз талайға ұнайсыз. Бірақ мұныммен барша ханымның жүреген жаулап алам деген өзімшіл пікірден аулық болғаныңыз дұрыс. Жылдың басында жадыраған жазды бірге өткізер сүйікті адамыңызды табуға көп мүмкіндік болады. Егер бәрі өз жөнімен жүріп жатса, күзде ата-анаңызға келін сыйлауға мүмкіндігіңіз бар. Жыл аяғында сіз өзіңізді жеңімпаз санап, өткен жылға жақсы қорытынды жасайсыз.
Жұмыс пен мансап
Нәзік жандыларғаОсы жылы өзіңізге деген сенімділігіңіз бен белсенділігіңіздің арқасында мансабыңызды өсіре аласыз. Өзіңізге бұл өмірде не керектігін сонда ғана толық түсінетін боласыз. Тек алдын ала жақсы жоспар құрып алғаныңыз дұрыс. Мұны қаңтар айының еншісіне қалдырыңыз. Нағыз жұмыс күзде басталмақ. Жұмыстағы ең белсенді уақытыңыз - қазан мен қараша.
ЕрлергеЖыл сізге карьера өсіру жолында қолайлы болмақ. Бастысы - қорқыныш пен сенімсіздікті жою. Сіз бизнесте бағытыңызды нақтылап, жақсы бір жобаны қолға алмақсыз. Еңбегіңіз жанып, қызметіңіз жоғарылып жатса, нұр үстіне нұр болмақ.
Сіз сүйетін жан
Нәзік жандыларғаСіз қиналған тұста жаныңыздан табылып, қайғыны өз басына түскендей көтеретін адам - сіздің жартыңыз. Сіз жыласаңыз, жұбатып жасыңызды сүртуге дайын тұрар, құласаңыз сүйеу болатын жан сізге күйеу болмақ. Мына жерді екі аяғыңызбен басып тұрғаныңызды танытатын ер адам кездессе, таң қалмағайсыз! Сізді 2013 жылы ең тәтті сезімдер күтіп тұр.
ЕрлергеСізге талдырмаш әрі сұлу ару керек. Жыл басында сіз махаббаттың құрбанын іздейсіз де, екінші жартыжылдықта екеуіңіз бір шаңырақ астында жүрулеріңіз ғажап емес.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: woman.ru