- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2013
- 2013 жылға арналған...
2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Сарышаян
- Нәзік жандыларға
Жылан жылы сіз үшін ең сәтті жыл болғалы тұр. Сіз осы жылы көптеген мәселенің түйінін оңтайлы шешесіз. Оптимизмнен қашпай, тек позитивті күн кешуге тырысыңыз. Өзіңіздің тәуелсіздігіңізді сезініңіз. Сіздің қолыңыздан біраз іс келеріне басқалардың да көзі жетсе екен. Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы табысты болмақ. Алғашқы жарты жылдықта көп уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз. Бұл жыл сізден еңбекқорлықты, төзімділік пен сабырлылықты күтеді. Сонымен қатар жылан жылында оқуға, саяхат жасап, демалуға көптеген мүмкіндіктер тууы мүмкін. Ойыңызды жүзеге асыруыңызға да көп мүмкіндік беріледі. Соны уақытымен тиімді пайдаланып қалыңыз.
- Ерлерге
Сіз шығарып салған жылдан қалған сенім жылан жылы біраз істің басын қайырып тастауға жетеді. Өйткені бұл жыл сізге көп қуаныш әкеледі. Өзіңіздің жеке өміріңіздің жақсаруына мүмкіндік туып тұр. Шешім қабдылдауда шорқақтық танытпаңыз. Өміріңізге кедергі жасайтын, түкке де керегі жоқ дүниелерден арылыңыз. Пайдалы әрі сауапты іс істеуге тырысыңыз. Бәрі сізден үлгі аларлықтай жақсы шаруа бітіріңіз. Жаныңыздағылардың көңіліне қараңыз, сізге ренжулі жандардың санын арттырып алмаңыз.
Жеке өмір
- Нәзік жандыларға
Сіздің бір қалыпты өміріңізге жаңа романтикалық кездесулер енбек. Ыстық-ыстық сезімдердің иесі сізге өз жүрегін арнамақ. Ұзағынын сүйіндірсін! Махаббаттың тамаша сәттері наурыз айында болмақ. Маусым айында күтпеген тосын сыйлардың куәсі боласыз. Әрине, бәрі де сіз үшін. Егер сіздің бұрыннан жартыңыз бар болса, онда сіздердің қарым-қатынастарыңыз осы жылы тұрақты қалыпқа түспек. Ал егер сіз осы уақытқа дейінгі өміріңізді сүйікті жаныңызсыз өткізіп келсеңіз, екінші жарты жылдықта не жыл аяғында оған жолығасыз. Бәрі өз қолыңызда. Әркім - өз өмірінің қожайыны. Сіздің өміріңізге басқа жандар арам оймен қол сұқпауын қадағалаңыз.
- Ерлерге
Сіз нағыз шешуші кезеңге жеттіңіз. Ал егер сіз әлі жартыңызға жолықпаған болсаңыз, онда бақытыңызды осы жылдан күте беруіңізге әбден болады. Барлық күдік пен күмәннан арылыңыз да, мына өмірде махаббаттың барына және ол ерте ме, кеш пе сізге де келеріне сеніңіз. Ғашығыңызбен кездесуге еркеше мұқият дайындалыңыз. Оның алдында өз құныңызды түсіріп алмаңыз. Оны сыйлаңыз, өзіңізді де сыйлата біліңіз. Тек махаббатпен, шынайы сезіммен ойнаушы болмаңыз. Егер отбасын құруға дайын болсаңыз, некелесуді күз мезгіліне жоспарлаңыз.
Жұмыс пен карьера
- Нәзік жандыларға
Қазір бәрі бір қалыппен жүріп жатыр. Жыл басталысымен-ақ сізге күнделікті мәселелерді шешуге тура келеді. Аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ бәрі өткінші екенін ұмытпаңыз. Көктемде, әсіресе мамыр айында жұмысыңызға ерекше көңіл бөлесіз. Істің ірісі мен майдасына қарамай білек сыбана кірісіңіз. Жолыңыз болып қызметте жоғарылағыңыз келсе, ешқашан жалқаулық танытпаңыз. Жұмысқа жауапкершілікпен қарап, қызметкерлердің жеке өміріне көп көңіл аудармаңыз. Сіз жылан жылында жұмысыңызға қажетті көп білім жинайсыз. Соның бәрін өз ісіңізге сәтті жұмсай біліңіз. Карьераны өсіруді ғана ойлама, адал еңбекпен қаражат табуы көздеңіз.
- Ерлерге
Сіз қызметтің құлы болып кетпеңіз. Қызметті өзіңіздің құлыңыз етіңіз. Не досыңыз... Жұмыс, жұмыс деп басқа да шаруаларды ысырып қоймаңыз. Сізді болашақта көптеген сәттіліктер күтуде. Егер сіз шығармашылық адамы болсаңыз, сіздің еркін жұмыс кестеңіз наурыз айында талай сәттілікке толмақ. Егер сіз өнім өндіру саласындағы қызметкер болсаңыз, сіз үшін сәуір айы табысты болмақ. Қызметтестеріңізбен жақсы байланыс орнатып, олармен ортақ тіл табысуға тырысыңыз.
Сіз сүйетін жан
- Нәзік жандыларға
Сізге өз өмір жолында сізбен қатар жүре отырып, бақытқа бірге жету үшін бәрін даяр тұратын жігіт керек. Сіз жігіт бойындағы сыйластыққа көп көңіл бөлесіз. Ондай жанды жолықтыратыныңызға сенімдіміз. Сүйіктіңіздің тәтті сезімдерін бағалаңыз. Арада түсініспеушіліктер орнап жатса, іс насырға шаппай жатып дұрыс шешіп алыңыздар. Ал егер әлі сүйгеніңізді таппаған болсаңыз, жалғыздық құрсауынан босанар сәт жақындады. Махаббат жолында сәттілік!
- Ерлерге
Бар армандарыңыздың орындалғанын қаласаңыз, осыған кедергі келтірмейтін, керісінше сізге барлық жағынан көмегін көрсетуге дайын тұратын жан қажет. Ақылды, сұлу, пысық ару кездессе, оны жіберіп алмаңыз. Жылан жылының екінші жартысы махаббатқа толы күндермен есте қалатын болады. Таңдағаныңыз бен арман әніңіз үйлесіп бақытты да, баянды ғұмыр кешіңіздер.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: myzodiak.info
А. Әбілхан