2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Бикеш

Нәзік жандыларға

Бұл жыл сіз үшін сәтті өтпек. Өйткені сіздің шығармашылық біліктілігіңіз кең құлаш жайып келеді. Сізді жаңа таныстықтар күтуде. Жаныңызға жақын жандардың саны артып, басқа жылдарға қарағанда жылан жылында ерекшелік болады. Сонымен қатар, осы жылдың көп уақытын оқуға, түрлі таңсық дүниелерді танып-білуге арнайсыз. 

Ерлерге

Жылан жылы мақсаттарыңыздың көпшілігі орындалмақ. Өмірлік жоспарларыңызды тағы бір айқындап алыңыз. Сізді бизнес жолында көптеген табыстар күтуде. 

Жеке өмір

Нәзік жандыларға

Жылан жылында сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды нақтылап алғаныңыз жөн. Өз өміріңізді қалай көргіңіз келсе, бағытыңызды солай бұруыңызға мол мүмкіндік бар. Сіз өз сүйгеніңізбен ең қиын деген шешімді де бірге шеше алатындай болуыңыз керек. Жартыңызбен кездесетін ең сәтті кез - қаңтар мен наурыз айлары. Егер осы жылы жаныңыз жақын көретін жігіттен үйленуге ұсыныс түссе, онда көп ойланудың қажеті шамалы. Келісіңіз!

Ерлерге

Сіз үшін осы жылы салмақты қатынас құрудың сәті түспек. Сондықтан өз сезіміңізге шын сенсеңіз, онда отбасын құруды кейінге қалдырудың тіпті де қажеті жоқ. Қаңтар, наурыз және сәуір айларында сүйіктіңіз екеуіңізді таңғажайып романтикалық кездесулер күтуде. 

Жұмыс пен мансап

Нәзік жандыларға

Жылдың алғашқы жартысында мансабыңыз өспек. Мақсаттарыңыз бен армандарыңыз бірте-бірте орындалып жатса, таң қалмаңыз. Өйткені бұл сіздің жылыңыз. Қаңтар мен ақпан айларында жұмысыңыз қарқынды түрде алға баспақ. 

Ерлерге

Сіздің жұмыстағы мансабыңыз жылдың алғашқы жартысында қарқынды өспек. Бар ісіңізге мұқият болыңыз. Бастықтарға сіздің жұмысқа деген құлшынысыңыз бен өзіңізді көрсете білуіңіз ұнайды. Кәсібилігіңізді арттырудың ең сәтті кезі - екінші жарты жылдықтың шілде айы. 

Сіз сүйетін жан

Нәзік жандыларға

Сізге  кез келген жағдайдағы көңіл-күйіңізді көтеруге әзір тұратын мейірімді де, сезімтал жан керек. Осы жылы сіз керемет сыйластықтың иесі болмақсыз. Екінші жарты жылдықта ғашығыңыз қаржылай көмек беруі мүмкін. 

Ерлерге

Сізге белсенді, энергияға бай және сіз сияқты кез келген уақытта саяхатқа аттануға даяр тұратын ару керек. Биылғы жылы өзін қоғамдық ортада ұстай алатын, отбасының қамқор отанасы бола алатын болашақ жарыңызды іздестіре жүріңіз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: myzodiak.info