- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2013
- 2013 жылға арналған...
2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Балықтар
- Нәзік жандыларға
Былтырғы жылы қолға алғаныңызды жалғастыра түсіңіз: өзіңізді, өмірдегі орныңызды, мақсатыңызды, сүйіктіңізді іздеуді... Айналаңыздағылардың сенімсіздіктеріне, алып-қашпа әңгімелеріне назар аударушы болмаңыз. Көп уақытыңызды танымыңызды кеңейтуге, көп саяхат жасауға, жаңа мәдениеттерді тануға арнаңыз. Шетелдіктермен араласуды әдетке айналдырыңыз. Жылдың басында отбасы мүшелерімен шағын кикілжіңдер болады. Ана деген асқақ атты иемденіп жүрген балықтарымызға екінші жарты жылдықта бала тәрбиесіне көңіл бөлуге кеңес беріледі.
• Ерлерге
Қайнап жатқан қазанның бетін жауып, мақсатқа жеткізер тура жолды таңдайтын уақыт жетті. Дұрыс әрекет жасасаңыз, сәттілік те сізге күлетін болады. Қысқасы, осы жылы асқан белсенділік танытыңыз. Сонымен қатар, оқу орнын немесе тұратын қалаңызды ауыстырғыңыз келіп жүрсе, жылан жылы ең ыңғайлы кезең.
Жеке өмір
• Нәзік жандыларға
Махаббатыңыз мәз емес. Сезіміңіздің қадірін түсінбейтін ақымақтарға кезігесіз. Онымен қоса, шетелге жасаған сапарыңызда не әлеуметтік желілерде отырып шетелдік азаматпен танысасыз. Бұл таныстық сізді әбден әбігерге салатын болады. Маусымда жағымсыз жаңалықтар күтіп тұр, ал шілдеде әріптесіңізбен сезім сергелдеңіне түсуіңіз мүмкін. Балық әйелдер қоңыр күзде күйеулерімен арадағы қарым-қатынасқа абай болсын.
• Ер жігіттерге
Ел-жұрт сізді сезімге жауапсыз, романтикалық қарым-қатынастарға немқұрайлы қарап, жеткілікті көңіл мен уақыт бөлмейтін жігіт деп ойлайды. Ол – рас! Сіз үшін бәрінен де саяхат маңызды. Алайда келер жылы өзіңізді жинауыңызға тура келеді. Өйткені жұлдыздар сізге адал әрі ажарлы өмірлік серігіңізді дайындап отыр. Бастысы, сезіміңіз алдап, қателікке ұрынып қалмасаңыз болды.
Жұмыс пен мансап
• Нәзік жандыларға
Жұмысыңыз бірқалыптылығын жоғалтпайды. Ал жұмысы жоқ балықтар ата-анасының немесе басқа да туыстарының тарапынан қолдау тауып, жаңа қызметтің тартпасын қолдарына ұстайтын болады. Егер біліміңізді толықтырғыңыз келіп, магистратураға, аспирантураға түсуді, диссертация қорғауды жоспарлап жүрген болсаңыз, іске кірісіңіз! Ал егер шетел асып оқығыңыз келсе, келер жыл сәттіліктерді уәде етеді.
• Ерлерге
Жақсы қызметке ие болу немесе қаржылық жағдайыңызды жақсарту туралы мақсат-мұраттарыңыз толығымен орындалады. Тіпті, беделді шетелдік компания маңызды ұсыныс жасауы да мүмкін. Іскерлік семинарлар, тренингтер, ұзақ іссапарлар – сіз үшін өте пайдалы болады. Жалпы келер жылғы ең үлкен жетістік иегерлері – шығармашылық адамдары екен.
Сіз сүйген жан
• Нәзік жандыларға
Сіздің жаныңыз өмірлік тәжірибесі бар, үй шаруасына епті, қорған болар азаматты қалайтын болады. Және серігіңіздің сізді ерекше бір нәрсеге үйрете алатын қабілеті болғандығын армандайсыз.
• Ерлерге
Салмақты әрі ибалы, жағдайыңызды жасайтын аққу – сіздің бала күннен бергі арманыңыз. Оның бойынан табылу керек мұндай тамаша қасиеттердің легіне мейірімділік, қарапайымдылық, тыңдай алатын қабілет те жатады. Неге екенін, биыл сізге сіздің қызығушылықтарыңызды бөлісе алатын, кәсібіңізді бес саусақтай білетін бикеш пен серіктестік қарым-қатынас аса қажет болады.
Суреттер:myzodiak.info
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева