- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2013
- 10 жасар бойжеткен...
10 жасар бойжеткен жасаған қайырымдылық
Англиялық 10 жасар қыз қайтыс болған әкесінің арманын жүзеге асыру үшін анасы мен үш әпекесінің көмегімен биылғы жаңа жыл мерекесінде 50 панасыз қартты үйіне шақырып, олармен бірге мерекені тойлаған.
Бұл кішкентай бойжеткеннің есімі - Gracie McNulty. Оның әкесі McNulty ұзақ жылдар бойына қайырымдылық ісімен айналысып, үнемі жетім-жесірлер мен үйсіз-күйсіз панасыздарға көмек беріп келген. Бірақ бұл қайырымды жан биылғы жылдың тамыз айында жұмыс кезінде жығылып, қаза тапқан екен.
Кішкентай бойжеткен тілшіге берген сұхбатында әкесінің осынау панасыз жандармен бірге алдағы жаңа жылды бірге өткізгісі келетінін, бірақ, әкесінің бұл ойына жете алмай қаза тапқанын, әкесінің арманын жүзеге асыру үшін анасы мен әпекелерінің көмегімен әкесінің бұл «ұлы» арманын орындағанын айтқан. Ол қонаққа келген панасыздарға шарф, шұлық сияқты сыйлықтар ұсынған.
Ол тағы: «Әкемді қатты сағындым. Біз бәріміз де оны еске аламыз. Әкем мен дайындаған бұл жолғы жаңа жылдық кешті көрсе, сөзсіз қуанышқа бөленер еді. Мен бойжеткенде әкемнің қайырымдылық ісін жалғастырамын. Ол сөзсіз мені мақтаныш ететін болады» депті.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: xinhua.net
Қ. Қауымбек