- Негізгі бет
- Денсаулық
- Зәйтүн майы әжімге...
Зәйтүн майы әжімге қарсы
Алтын түстес зәйтүн майының адам денсаулығынан бөлек сұлулық үшін де атқарар қызметі зор. Бұл майдың негізгі ерекшелігі ағзаға сіңімділігі 100% болғандығында. Ал салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, өсімдік майының сіңімділігі 83% құраса, жүгері майы 36%. Бұдан бөлек зәйтүн майының денсаулыққа пайдасын мына жайттардан біле аласыз.
• Зәйтүн майы құрамындағы Е дәрумені ағза жасушаларының солуына бөгет болады. Осы себеппен ол ағзаның қартаюын баяулатады, теріні тегістеп, әжім түсуінің алдын алады.
• Майды теріге қолданғанның пайдасы мол. Ол құрғақ және сезімтал тері үшін таптырмас жұмсартқыш зат және тері жасушаларының ылғалдылығын жоғалтуына жол бермейді.
• Дәрігерлер бұл майды атеросклероз бен басқа жүрек қан-тамыр жолы ауруларының алдын алуда қолдануға кеңес береді. Ол ағзадағы «жақсы» холестерин деңгейін арттырып, артерияда атеросклеротиялық түйін жасаушы «жаман» холестериннің азаюына ықпал етеді.
• Тырнақты қатайтып, тырнақ айналасындағы теріні жұмсарту үшін зәйтүн майдың пайдасы көп. Оны жүзеге асыру үшін зәйтүн майы мен лимон шырынын араластырып, кішігірім бұлауша жасау керек.
• Зәйтүн майы қант диабетінің алдын алады. Себебі ол қан құрамындағы глюкоза деңгейін төмендетеді.
• Зәйтүн майы асқазан, ішек, ұйқы безі және бауырдың қызметін арттырады және асқазан мен 12 елі ішек жарасының жазылуын жалдамдатады. Ал асқазан жарасынан арылу үшін таңертең ашқарынға майдың 1-2 шай қасығын ішу керек.
• Отырыс алдында зәйтүн майының 2 қасығын ішіп, аздап қулық жасауға болады. Ол ішімдіктің салдарынан масаңданудың алдын алады.
• Іштің қатуынан, дәреттің қалыпсыздығынан жапа шегушілерге күнделікті таңертең ашқарынға 1 шай қасық зәйтүн майын ішкен пайдалы. Сонымен қатар оны көтеу дертін емдеуде де қолданады.
• Бауыр аурулары мен өт қабы ауруларын емдеу кезінде зәйтүн майының аурудың тез, білінбей өте шығуына ықпалы зор. Мұндай науқастарға да ашқарынға 1 қасық зәйтүн майын ішіп тұруға кеңес береді.
• Зәйтүн майын сақтауда мұқият болу керек. Себебі ол тез бұзылады. Құтыдағы май жасалған күннен бастап 6 ай ішінде қолдану керек. Ал майдың бұзылуына әсер ететін негізгі факторлар – жылу, жарық және ауа. Сондықтан май ыдысын терезе алдына немесе пеш жанына қоймаған дұрыс. Дұрысы 12-14 градус температурадағы қараңғы жерде сақтау керек. Қақпағы ашылған құтыдағы майды мүмкіндігінше 1-2 ай ішінде пайдаланып тауысқан жөн. Сонымен қатар бір рет қыздырылған майды екінші рет пайдаланбаңыз. Себебі жоғары температурада қыздырылған май құрамында мутагенді және канцерогенді әсері бар улы заттар түзіледі.
• Денсаулығыңызға пайдалы әрі жастықты ұзартатын, сұлулықтың кепілі бола білетін майды таңдағанда абай болыңыз! Тек жоғары сұрпын ғана таңдаған дұрыс.
Н. Үсенова