- Негізгі бет
- Денсаулық
- Якуб Халик -...
Якуб Халик - жүрексіз өмір сүріп келеді
Чехияның 37 жастағы азаматы Якуб Халик жүрексіз 6 ай бойы өмір сүрген әлемдегі бірінші адам. Жоғарыдағы сурет 2012 жылы 29 тамызда Прага қаласындағы IKEM тәжірибелік-медицина институтында өткен пресс-конференцияда түсірілген.
Тәжірибелі профессор Янв Пирк бастаған чех дәрігерлері Якубтың жүрегін бірнеше механикалық сораппен алмастырған. Операция биыл 3 сәуір күні өтсе де, бұл кезде дәрігерлер өз әрекетін үлкен құпияда сақтап келген екен.
Алдымен айтып алайық, Якубтың жағдайы жақсы, барлық ағза мүшелері қызмет жасайды. Тіпті сөйлей де алатын «науқас» өз қуанышын жасыра алмай әлек. Сонымен, әлемді дүр сілкіндіріп, чех дәрігерлері адамның жүрек-етсіз өмір сүре алатынын дәлелдеп берді...
Якуб ауруханаға түскенде оның жүрегінде ісік бары анықталған. Өз кезегінде дәрігерлер тобы оған өміріндегі ең үлкен сынаққа – жүрексіз өмір сүруді ұсынған екен. Ал басқа жүрек қойса, науқастың ағзасы бұған шыдамайтын болып шыққан.
Журналистер алдында сау адамдай жауап бере білген Якубқа қазіргі кезде дене бұлшық еттеріне күш-қысым түсіруге болмайды. Ол өзінің мүгедек-арбада отыруын осы жағдаймен түсіндірді.
Ал енді кейіпкеріміздің жүрек орнында тұрған механизмге тоқталайық. Оның ішіндегі мойынтірек минутына 10 мың рет айналады. Айналым қанның қысымын бірқалыпты сақтаса, бір жағынан қан өкпеге барса, екінші жағынан құрамында оттегі бар қан барлық ағзасына жұмсалады. Ең қиыны – «механикалық жүректің» қуаты 12 сағатқа ғана жетеді.
Не дейік, енді тек 200 жыл өмір сүруге болатын жүректі жасап шығарса адамзаттың күйі қандай болмақ деген ойда қалатын болдық... Арманымыз таусылмасын...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: iwnews.ru
А. Құлтай