- Негізгі бет
- Денсаулық
- Вьетнамкалар. Қауіпті аяқ...
Вьетнамкалар. Қауіпті аяқ киім.
Жаз мезгілінде «флип-флоп», «вьетнамка» деген атау алған аяқ киімдер сәнге айналады. Бұл ыңғайлы аяқ киімнің шыққан жері Жапония. Онда мұның «дзори» деген өз атауы бар. Жапондар осы аяқ киім арқылы аяққа массаж жасап, еңбек өнімділігін арттыруды ойлаған. Ал бізге олар жағажай аяқ киімі ретінде танымал болды, бірақ бертін келе күнделікті өмірде де жиі киілетін аяқ киімге айналды.
Қалыпты жағдайда табан ішке бүгілген дөңес болады, ол жүру кезінде дене салмағын амортизациялайды. Сонымен қатар табанның қозғалғыштығын қамтамасыз ететін көптеген қан тамырларынан тұрады. Жайпақ табанды аяқ киім киген кезде ауыр салмақтан табанның дөңесі төмен түсіп, табан жалпақтанады, деформацияланады, нәтижесінде аяқ ауруына шалдықтырады.
Вьетнамка-босоножкалар ыңғайлы болғанымен, оларды күнделікті кию денсаулыққа қауіп төндіреді. Мамандардың айтуынша, аяққа екі бармақтың ортасындағы бау арқылы ғана бекінетін аяқ киім табанның, алқым тұсының ауруына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар бау өтетін екі бармақтың ортасы үйкеліп, қажалады. Тегіс емес жерде аяққа бекем тұрмайтындықтан сіңірдің созылуына, ал кейде, тіпті, аяқтың сынуына себепкер болып жатады. Бұл аяқ киім әкелетін негізгі індет – табанның жарылуы болып табылады.
Англияда жылына 200 мың пациент ұзақ уақыт «вьетнамка» кигендіктен түрлі аяқ ауруларына шалдығып, дәрігерлерге қаралады екен. Ал ағылшын денсаулық сақтау министрлігі осы дерттерді емдеуге жылына 40 млн фунт жұмсайтын көрінеді.
Сурет: muizre.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
Оқи отырыңыз:
Эспадрильдер деген не және оны қалай киеді?
Аяқ киім түрлерін біле жүрейік
A. Mustafina