- Негізгі бет
- Денсаулық
- Варикоздың алдын-алу жолдары...
Варикоздың алдын-алу жолдары
Варикоз – қан ағымының бұзылуынан пайда болатын ауру. Назарларыңызға варикоздың алдын-алуға көмектесетін лайфхактар ұсынамыз. Варикоздан сақ болу үшін не істеу керек?
Спортпен айналысыңыз
Бір орында тұру немесе отыру, ұзақ уақыт қозғалмау арқылы аяқ тамырлары жұмыс істемей, тамырға қан жинала береді. Кез келген физикалық белсенділік варикозды алдын-алуға көмектеседі. Әсіресе, жүгіру мен велосипед айдауға кеңес береміз. Бассейнде жүзуді де қолға алсаңыз болады.
Күнделікті жаттығулар
Спортпен қатар, 5-10 минут төмендегі қарапайым жаттығуларды күнделікті қайталаңыз:
- Аяғыңызды біріктіріп, тік тұрыңыз. Аяқ ұшына көтеріліп, кейін бастапқы күйге түсіңіз;
- Дәл осы жаттығуды аяғыңызды бір-бірінен алшақ қойып жасаңыз;
- Велосипед жаттығуы. Арқамен жатып, аяғыңызды бүгілген күйде велосипед айдағандай қозғалтыңыз.
- Әр жаттығуды 20-30 реттен қайталау керек.
Аяқ киімді таңдау
Сонымен қатар, зерттеулерге көз жүгірту арқылы мынадай тұжырымға келдік. Күнделікті ұзын тақалы аяқ киім киетін әйелдердің тамырлары дұрыс жұмыс істемейді. Тамырда қан жиналу процессі басталады. Сондықтан, қысқа тақалы етік пен спорттық аяқ киім алғаныңыз абзал.
Салмағыңызды бақылау
Аяқ киімнен бөлек, варикоз ауруын алдын-алу үшін салмағыңызды бақылауда ұстаңыз. Семіздікке шалдыққан адамдардың ішкі қысымы көтеріледі. Және варикоздың пайда болуына тікелей әсер етеді. Дене салмағының индексін есептеу үшін арнайы калькулятор пайдаланыңыз.
Жеміс пен көгөніс
Жеміс пен көгөністер іш қатуды жеңілдетуге көмектеседі. Ішек қан тамырлары нәжіске толып кеткенде қан айналымы дұрыс ретке келмей, тамырларды созады. Нәтижесінде варикоз тамырларының жарылуы орын алады. Сондықтан, уақытылы жасұнықпен тамақтану да маңызды. Жасұнық көгөністер мен жемістерде көп. Сондай-ақ, қара өрік құрамында кездеседі. Ұнмен жасалатын тағамдар мен фаст-фудты күнделікті рационыңыздан алып тастағаныңыз абзал.
Тұзды азайтыңыз
Тұз ағзадағы сұйықтықты тоқтатып қана қоймай, тамыр қабырғаларына ауыр тиетін қан көлемін көбейтеді. Ол тамырлардың жұмыс істеуін баяулатады.
Аяғыңызды айқастырмаңыз
Аяқ бұлшық еттерінде варикоздың пайда болуына басты себеп – қан тамырларының тарылуы. Сол себепті тамыр клапандары зардап шегеді. Сондықтан, отырғанда аяғыңызды айқастырмаңыз.
Тар киім кимеуге тырысыңыз
Тығыз юбкалар мен джинсы сәнді болғанымен, денсаулыққа зиян. Варикозды тамырлар – жамбастың үлкен тамырлары. Тығыз киімдер тамырдағы қысымды жоғарылатады әрі қозғалысыңызға кедергі келтіреді.
Аяқты жоғары көтеру
Күндіз ұзақ уақыт бір қимылда (отыру, тұру) болсаңыз, тамыр қысымы көтеріледі. Бірақ, қысымды түсіру оңай. Ол үшін үйге келе сала аяғыңызды басыңыздан жоғары көтеріңыз. Ары-бері 20-30 минут бойы қозғасаңыз жеткілікті.
дереккөз: balbal.kz
Т. Есқали