- Негізгі бет
- Денсаулық
- Үстел алдында дұрыс...
Үстел алдында дұрыс отырмаудың зияны
Үстел алдында бүкірейіп отырудың сіздің денсаулығыңызға айтарлықтай зияны бар. Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс емес дене қалпын ұстап отыру әдеттен тыс ағзаның тітіркенуіне, депрессияға және омыртқаның қисайуына алып келеді.
Мамандар адам еңкейіп отырған кезде ағзадағы қан айналым тамырлары бітеліп, денсаулыққа маңызды мүшелерге оттегі дұрыс бармайды деп есептейді. Сол себепті қисық отырған кезде адамның жиі ұйқысы келе береді. Қисық отыру одан бөлек ішек, асқазан ауруларына түрткі болады.
Мұның барлығы 74 қатысушыға жүргізілген тәжірибе нәтижесінде анықталған. Тәжірибе екіге бөлініп қарастырылған. Біріншісінде, қатысушылар әдейі бүкірейіп отырған болса, екіншісінде керісінше түзу қалыпта отырады. Нәтижесінде, дұрыс отыру шабыттандырып, көңіл-күйді көтерген. Ал қате тұрыс – адам көңіл-күйін түсіріп, күйзеліске итермелеген. Сонымен қатар, жүрек қағысын баяулатқан.
Оқи отырыңыз:
Зейінді арттыруға көмектесетін тағамдар
10 қауіпті компонент – затбелгіні оқыңыз!
Сүт өнімдері қант диабетінің алдын алады
Жолға шыққанда мына гигиеналық заттарды алып жүріңіз (қыздар үшін)
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: realty.obmen.
Н. Нұрмаханұлы