- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тұтқаны тезірек көтеріңіз,...
Тұтқаны тезірек көтеріңіз, әйтпесе...
Ғылым саласындағы қызметкерлердің айтуынша, телефон желісінде оператордың жауабы 6 минуттан асқанда адамға кері әсерін бере бастайды екен. Зерттеушілер адамның стрестің дәрежесі мен қан қысымына диагностика жасады. Нәтижесінде екеуінің де көрсеткіші жоғарылаған.
Зерттеу жұмыстарына басты нысан ретінде 2 мың адам қатысқан. Соның ішінде алпыс төрт пайызының көрсеткіші телефон желісінде оператордың жауабы мен күту кезіндегі дыбыстар жүйкеге кері әсер беретінін растаған. Бәрінен де зуылдақтың (гудок) дыбысы көп мөлшерде зиянын тигізіеді екен. Содан соң арғы желіде тұрған оператор тұтқаны көтергенше адамдардың қанша уақытқа дейін шыдайтыны зерттелген. Нәтижесінде қатысушылардың әр төртіншісі 5 зуылдақтан соң күтуден бас тартып, тұтқаны тастай салған.
"Байланысқа шықпақ болған арғы желідегі жан тұтқаны көтергенше адамның жүйкесіне зуылдақ дыбысы зиянын тигізе береді. Ол бас ауруына және жүректің соғысын сиретуге әкеп соғады. Көбіне адамдар күтуді ұната бермейді. Олар шыдамсыздық танытып, тұтқаны қоя салады. Бірақ маңызды шаруа үшін зуылдақтың соңғы дыбысына шейін құлақтан тұтқаны ажыратпайтын жандардың бары да рас. Олар өздеріне көп мөлшерде кері әсер жинауда", - дейді доктор Роджер Хендерсон.
Мамандардың көзқарасы бойынша жасалған статистикаға зер салсақ, белгілі бір фирмамен келісімге отырмақ болып қоңырау шалатындардың ішінде отыз пайызы стреске ұшырап, 19 пайызы ашуға булығады. Ал 16 пайызы "қоңырауының маңызы жоқтығын" түсінсе, жетпіс пайызының фирмаға деген көзқарасы өзгереген. Ал оның он бес пайызы сол фирманың өнімін қолданбау керек екендігін туыстары мен достарына түсіндірген. Ал қалғандары мүлде фирмамен жасаған шартын бұзуға дейін барған.
Сондықтан желідегі жақыныңызды көп күттірмей тұтқаны көтеріңіз!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: oneoflady.com
А. Әбілхан