- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тұрмыстық химия темекіден...
Тұрмыстық химия темекіден де зиян
Норвегиялық ғалымдардың айтуынша, тұрмыстық химияны уақытылы қолдану өкпеге күніне 1 қорап темекі тартқандай зиянын тигізеді екен. Неліктен тұрмыстық химия зиян және үйді қалай таза ұстаймыз?
Берген университетінің ғалымдары 6 мың адамның денсаулығын 20 жыл бойы бақылаған. Олардың 80%-ы уақытылы тазартушы құралдар қолданған: кейбіреуі жай үйлерін жинаған, ал басқалары тазартушы қызметте жұмыс жасаған. Зерттеу күтпеген нәтиже берген: тазартушы құралдарды жақсы көретін адамдар тыныс демікпесімен 40%-ға жиі ауырған, ал олардың өкпе көлемі 3,6 мл-ге азайған. Кәсіби тазалаушылар жылына 3,9 мл-ден жоғалтқан.
Барлығына тұрмыстық химияның бөліктері кінәлі – олар әйел өкпесіне жиналып, шырышты қабықты тітіркендіріп, тыныс алу жүйесіне зиянын келтіреді. Ғалымдар жинауға арналған құралдардың зиянын күнделікті темекі тартумен салыстырған: оның әсері әйелдер 10-20 жыл бойы күнде 20 темекі тартқан секілді болған. Қаупі жоғары топқа темекі тартатын тазалаушы әйелдер жатады. Себебі оларға екі есе зиян тиетіндіктен, 40 жасқа жақындағанда тыныс алу жүйесі тозады.
Не істеу керек?
Ғалымдар тұрмыстық химия өндірушілерін қаптамада қауіпті заттардың бар екендігін көрсетіп қоюға шақыруда. Бірақ маркетинг көзімен қарағанда ол өте тиімсіз, сондықтан құрамын өзіңіз мұқият тексеріңіз. Ең қауіпті химиялық қосылысқа мыналар жатады:
- Тазартушы және жуушы құрал – хлор және хлорорганикалық қосылыс;
- Кір жуатын ұнтақ – фосфат және фосфонат;
- Тазартушы және жуушы құрал – беткі белсенді зат (ПАВ);
- Ыдыс және кілем жууға арналған құрал – формальдегид (formaldehyd, methanal, methylene oxide, oxymethylene деп жазылуы мүмкін);
- Тазартушы құрал – тұз қышқылы (hydrochloric acid).
Тұрмыстық химияның құрамында осы заттар болмау керек немесе өте аз мөлшерде болуы керек. Оларды қолдану кезінде қаптамада көрсетілген мөлшерден артық құймаңыз.
Сонымен қатар, үй жинау кезінде міндетті түрде қолыңызға қолғап, бетіңізге маска киген жөн. Үйді жинап болған соң, міндетті түрде желдетіп алыңыз.
А. Жапатова