- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тұрғын үйдің жоғары...
Тұрғын үйдің жоғары қабатында тұратындардың денсаулығына қауіп көп
Биік үйлерде тұратын жүрек ауруымен ауыратын адамдардың өлім қауіпі жоғары екен. Мұндай мәліметтерді әлемде биік ғимараттары көп Торонта қаласының мамандары таратып отыр.
Аурухана дәрігерлері 2007-2012 жылдар аралығында жүрегі сыр беріп ауруханаға түскен 8000 емделушіге зерттеу жұмысын жүргізген. Олардың арасында бірінші және екінші қабатта тұратын емделушілердің 4,2% -ның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болған, ал екінші қабаттан жоғары тұратын «көршілердің» тек 2,6%-ның ғана денсаулығы жақсара алған. Ал 16-қабатта тұратын тұрғындардың тек 0,9%-ы тірі қалған. Ал 25 қабаттан жоғары тұратын адамдардың барлығы дерлік жүрегі тоқтағаннан кейін қайтадан құтқаруға мүмкіндік болмаған.
Мұның себебі де өте қарапайым: жедел жәрдем қызметі жүрек ауруымен ауыратын адамдарға көрсетілетін дереу көмекті уақытылы жеткізіп үлгермейді, себебі үйдің қабаты биік. Оның үстіне аурудың жүрек қағысы тоқтап қалған жағдайда оған бірден көмек көрсету керек болады, алайда көмек күші жолдың ұзақтығынан бірден келіп те, көмекті көрсетіп те үлгермейді. Дәрігерлер келіп ауруды жедел жәрдем көлігіндегі дефибрилляторға әкеп үлгергенше де ұзақ уақыт кететіндігі белгілі. Сонымен қатар, ғалымдар инсульт пен жүрек ауруларын шақыратын тағы бір фактордың бар екенін айтады: ол – автокөлік магистарльдарына жақын жерде өмір сүру.
Н. Үсенова