- Негізгі бет
- Денсаулық
- Түнде терлеудің қаупі...
Түнде терлеудің қаупі
Түнде ұйқыда жатып терлеудің жалпы зияндығы жоқ. Бірақ бір емес, күнде терлесеңіз, мұндай хал күнде қайталанса, қауіптенуге негіз бар.
Мына жағдайларда түнде жатып терлеу қалыпты жағдай.
Бөлме ыстық болса. Адам жақсы ұйықтауы үшін бөлменің температурасы 15-20 градустың арасында болса жеткілікті. Одан ыстық болса, кез келген адам терлейтіні анық.
Екінші себеп – тойып тамақ жеу. Ащы тағам да тершеңге әкеледі. Жатарда ас ішіп алған адамның ағзасы ұйықтап жатқанда да жұмыс істеп тұрады. Тер содан бөлінуі мүмкін.
Әсіресе, кофе жүрек соғысын күшейтіп, артериалды қан қысымын көтеруі мүмкін. Содан тер бездері жұмыс істей бастайды.
Үшінші себеп – күйзеліс пен үрей. Мазасыздық. Бір нәрсені уайымдап не бір нәрсеге алаңдап жатқан адам түнде ми тыныштығы бұзылып, содан ағза стреске түсуі мүмкін.
Егер түнде терлесеңіз, осы себептердің бірін іздеңіз. Әдетте, бұлар жиі болмайтын, анда-санда бір болатын нәрселер. Ондайда адам жиі терлей қоймайды.
Ал егер жиі тершеңдік болса ше? Онда терлеумен бірге қосымша себептер іздеген жөн. Оларға мыналар жатады:
- Қатерлі ісік;
- Инсульт алудың алды;
- Миелофиброз (бас қатерлі ісігі);
- Лейкемия;
- СПИД пен АИТВ;
- Эндокардит – жүрек ауруы
Егер түнімен терлеп, күндіз әлсіздік, жүдеу мен ұйқыбастық болса, онда қауіптенуге негіз бар. Мұндайда дәрігерге қаралған абзал.
Қ. Слямбек