- Негізгі бет
- Денсаулық
- Түн ұйқысының қаншалықты...
Түн ұйқысының қаншалықты маңызды екенін білесіз бе?
Түн ұйқысының қаншалықты маңызды екенін білесіз бе? Жүйке жүйесін қалыпты ететін, иммунитетке де тікелей әсері бар болғандықтан, мейлінше ерте жатып, жайлы ұйықтау керек. Назарларыңызға түнде мазасыз, тез ұйықтап қалудың әдістерін ұсынамыз:
1. Кешкі ас алдында пісірілген картоп немесе қайнатылған күрішпен тамақтаныңыз.
2. Піскен сүт құрамындағы аминқышқыл мен кальций ұйқы шақырады. Сондықтан жатар алдында сүт қайнатып, ішіп алыңыз.
3. Ұйықтар алдында ет жемеген дұрыс.
4. Сұлының құрамында ұйқы гормоны бар. Оны сүт және балмен араластырсаңыз, жақсы әсерін беретінін байқайсыз.
5. Киви немесе банан жеп жатсаңыз да, жақсы ұйықтайсыз.
6. Ұйықтар алдында көп ойланатындарға, бал қосылған түймедақ қайнатпасын ішуге кеңес береміз.
7. Жалбыз қосылған шайдың да пайдасы мол.
8. Аптасына 3 рет бал ваннасын қабылдап тұрыңыз. Ол үшін жылы суға 60 грамм балды қосыңыз.
9. Сондай-ақ ұйықтар алдында ваннаға қылқан салып, қабылдасаңыз, ұйқыңыз терең, жайлы болады.
Ең бастысы, ұйықтар алдында смартфоныңыздың wi-fi қызметін өшіріп жатыңыз. Оның да біздің ұйқымызға кері әсері жоқ емес.
Ұйқыңыз тәтті болсын!
Сурет: mixstuff.ru
Оқи отырыңыз:
Құлаққаптың адам денсаулығына зияны
Wi-Fi сіздің денсаулығыңызға зиян!
Ф. Абилова