Тұмауратқанда ыстық шай ішкен дұрыс па?

Тұмауратқанда ыстық шай ішкен дұрыс па?
Фото: Tengrinews.kz

Суық тигенде ыстық шайдың пайдасы туралы аңыз жоққа шықты. Бұл туралы "Вечерняя Москва" басылымы жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Диетолог Елена Соломатинаның айтуынша, ыстық шайдан науқастың жағдайы нашарлап кетуі мүмкін. Сол үшін суықтағанда жылы сілті сусындар ішу керек. Диетолог шай ағзадан сұйықтықты шығару арқылы несеп айдайтын әсер беретінін түсіндірді. Бұл ретте, адамның қызуы көтеріліп жатқанда сұйықтық денеден де шығатынын естен шығармаған жөн. 

Соломатина гипертония, атеросклероз немесе ұйқысыздық ауруына шалдыққандарға әсіресе күннің екінші жартысында қара шайдан бас тартуды ұсынады. "Фильм немесе суреттер көріп отырғанда егде жастағы адамдар жиі себепсіз жылайды. Бұл қорқақ, депрессивті адамдар. Шай бұл жағдайда қоздырғыштың рөлін атқаруы мүмкін", - деді ол.

Қарашада Диетологтар мен нутрициологтар ұлттық қауымдастығының мүшесі Марина Макиш асқазанның және он екі елі ішектің жарасы асқынып тұрған адамдарға шайдан бас тарту керектігін айтқан. Ол сусын асқазан қыжылын және ас қорыту жолдарының шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін деп түсіндірді.

 
А. Рысдәулет