Тұмаудың алдын ал

Тұмаудың алдын ал

Жөтелу, түшкіру, тұмаурату маусымы да келіп жетті. Микробтардан қалай сақтануға болады? 

Мұрынды шаятын спрей

Осындай мұрын спрейі тыныс жолдары арқылы енген микробтардың көзін жояды. Әдетте микробтарға ағзада тұрақтану үшін 4 сағат қажет. Осы  уақытта оларды "ұстап" үлгерсеңіз, аурудан сақтандым дей беріңіз. Мұндай спрейді адам көп жерде болған сайын қолданып тұрған жөн.

1.jpg

No touch сенсорлы жүйесі

Микробтар көбінесе сабын не сабын салатын сауыттан жұғады екен. Әркім даладан келіп, қолын жуғанда, еріксіз өз микробтарын сонда қалдырады. Заманауи гаджет арқасында бұл мәселені шешуге болады. Қолыңызды сенсорлы сабын өлшеуішіне жақындатып, сауытты былғамай қажетті сабын мөлшерін ала аласыз.

2.jpg

Антибактериалды сулықтар 

Кеңседе тіпті бір бөлмеде ондаған адамдар отырып, бір ыдыс, бір принтер, бір әжетхананы қолданады. Әрине алдында айтылғандай сенсорлы сабын құйғыш жоқ болар. Сондықтан осындай антибактериалды сулықтар сізді аурудан аман сақтап қала алады.

 

 3.jpg
Ал сіз тұмаудан сақтану үшін не істейсіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.kz
С. А