- Негізгі бет
- Денсаулық
- Циклоскопия – жүктілік...
Циклоскопия – жүктілік кезіндегі маңызды рәсім
Болашақ аналар үшін маңызды саналатын диагностиканың бірі – циклоскопия. Дегенмен бұл рәсімнен кез келген адам өтіп, тексерілсе де артық етпейді.
Циклоскопия офтальмолог дәрігердің әдеттегі тексерісінен сәл өзгешеленеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, циклоскопия «көздің торын айналдыра қарау». Өздеріңіз білетіндей, көз алмасы шар пішіндес болады. Дәрігер арнайы құралдарсыз тексергенде тек көз алдындағы нәрсені ғана көреді, ал басқалары жасырын қалады. Циклоскопия осындайда көз алмасын айналдыра толықтай қарап, қандай да бір ауытқулар босла анықтауға мүмкіндік береді.
Рәсім қалай жүргізіледі?
Ол үшін бөлме арнайы қараңғыланған болуы тиіс. Үшжақты айна секілді құралды айналдыру арқылы шағылысқан жерлерді әр қырынан көре алады. Бұл процедура кезінде ешқандай ауырсыну болмайды, бірақ көзге аса жарық сәуле кеп шағылысқанда аздаған жағымсыздық туады.
Рәсімнің өзі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен дәрігер пациентке тексерістен өту-өтпеу туралы кеңес береді. Циклоскопия жасау керек болған жағдайда бірер уақыт бұрын көздің қасаң қабығына арнайы ауыртпайтын ерітінді тамызады. Препарат әсерін бергенге дейін офтальмолог саңылаулы шамды жұмысқа дайындайды.
Ауыртпайтын ерітінді күшіне енген кезде қабақты қозғалтып, көздің бетіне мұқият гониолинзаны кигізеді, ол сіңіріп тұратындай болуы керек. Осы кезеңде дәрігер құралды бұрып, алдыңғы камераны барлық бөлімін қарап шығады.
Көз алмасын толықтай тексеріп шықаннан кейін дәрігер сорманы босатып, бірден көзге тұзды ерітінді құяды.
Циклоскопияның алдыңғы түрі кірпікті дененің өсінді аумағын қарайды, ал артқы циклоскопия кірпік бұлшықетін, көз торының шеткі бөлігін тексереді. Бұл рәсім сонымен қатар тамырлы көз қабықшасын қарап, сараптама жасауға да көмегі тиеді.
Ана болуды жоспарлап жүрген не жүкті әйелдер осы циклоскопия рәсімнен өтуі тиіс. Себебі ананың өзі босануы ағзаға зор күш түсіреді, ал адам қатты күшенген кезде көру қабілетіне әсер етіп, тіпті соқыр болып қалуға дейін әкелуі мүмкін. Әсіресе туғаннан алысты дұрыс көрмейтіндер үшін өзі босану қауіпті. Көру ағзасында ақауы бар болашақ аналар үшін ешқандай отасыз өзі босану тәуекелге барумен тең, себебі көз торы әлсіз болса, оны дер кезінде байқап, мықты етіп бермесе, ол жыртылып кетуі де ғажап емес.
Егер циклоскопия нәтижесінде көз торы әлсіз екені анықталса, оны бекітіп беретін арнайы ота түрі бар, ол жүктіліктің 30-32 аптасына дейін жасалып үлгеру қажет. Егер осы ота сәтті өтсе, онда көзіңіз қаншалықты жақсы көретініне қарамастан, ана өзі босануына рұқсат қағаз жазып беріледі.
Ескеретін жағдай, егер көзіңізге күнделікті линза тағатын болсаңыз, циклоскопияға барар алдында жарты сағат бұрын линзаны шешіп қою қажет.
@. @assel_assanova