- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тіс тазартқышты қолданбаудың...
Тіс тазартқышты қолданбаудың себептері
Көп жағдайда ет немесе басқа да тағам жегенде қолымыз үйреншікті түрде тіс тазартқышқа созылады. Оны қолдануды тоқтатудың себептерін ұсынамыз.
Қалыпты жағдайда тіс тазартқыштар тіптен керек емес. Талшықты бірдеңе жесеңіз де, мұндай тағамның қалдықтары қарапайым ауызды сумен шайғаннан кейін кетуі керек. Егер тісіңіздің арасында бірдеңе қалып қоя берсе және тамақ қалдығын тек тіс тазартқыштармен ғана алу мүмкін болса, ол тіс дәрігеріне көріну керектігін білдіреді. Себебі, біріншіден, жас үлкейе келе тістер бір-бірінен алшақтай түсуі мүмкін, сондықтан тістер арасына тамақ қалдықтары қалып қояды. Екіншіден, оның себебі сапасыз немесе ескі пломбада жатуы мүмкін.
Парадонт қалтасы және тісжегі (кариес)
Сонымен, тамақ тісте тұрып қалғанда, сіз тіс тазартқышқа жүгінесіз. Бірақ ешқандай тіс тазартқыш тамақты толықтай тазартып шығара алмайды. Тістің етін әрдайым таяқшамен шұқу арқылы жағдайды қиындатып аласыз. Тістің еті ауырып, ісіп кетуі мүмкін. Қызарған тістің еті – парадонт қалтасының (тіс еті мен тістің арасындағы қуыс) пайда болуына тікелей жол. Сонымен қатар, тіс арасында жатып қалған қалдықтар бактерияға арналған азықтық қор болып табылады.
Ауыз уылуы және тіс етінің қанауы
Тіс тазартқыш екі жағы үшкір таяқша болғандықтан, ыңғайсыз шұқып қалсаңыз, тістің еті қанап кетуі мүмкін. Кафе мен мейрамханаларда тұрған жалпыға арналған тіс тазартқыштар зарарсыздандырылған болмайтындықтан, оларда бактериялар көп болады. Оны қолданғаннан ауыздың уылып кетуі әбден мүмкін.
Ағаш немесе пластик сынығы
Тіс тазартқыштарды ағаштан немесе пластиктен жасайды және кез келген тіс тазартқыш сынып, бөлігі парадонт қалтасында қалып қоятын да жағдайлар кездескен. Ағаш тіс тазартқыштың бөлігі көп жағдайда кез келген сұйықтыққа жібіп, ауызды шайғанда бірге шығып кетеді. Ал пластикалық тіс тазартқыштың бөлігін тек тіс дәрігері ала алады.
Тіс тазартқыштан бас тарту мүмкін емес болса, не істеуге болады?
Басында ысқышы бар көп реттік тізтазартқыштарды қолданыңыз. Біріншіден, олар тіс арасындағы тамақ қалдығын сапалы тазартады, екіншіден, олардың жұмсақ ысқышы тіс етіне зиянын келтірмейді. Үшіншіден, мұндай тіс тазартқыштар сынбайды және төртіншіден, олар тіс өңезін де тазартады. Көп реттік тіс тазартқыштар арнайы қабында сатылады және оның ысқышы жылы сумен шайғанда тез тазартылады. Оның әртүрлі диаметрлі түрлері болады, одан өзіңізге сай келетіндігін таңдай аласыз.
А. Жапатова