- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тіс пастасы жеңіл...
Тіс пастасы жеңіл күйікті емдейді
Бүгінгі таңда таңертең және кешкі мезгілде міндетті түрде тіс жууда пастаны пайдаланамыз. Оны ас үйді жинастыру кезінде де қолданатынымыз ешкімге жаңалық емес шығар. Яғни тек бір мақсатта емес, түрлі жағдайда пайдалануға болады.
Әдетте қыздар тамақ пісіру барысында қызып тұрған қазанға қолын күйдіреді. Сол кезде бірден қалың етіп тіс пастасын жаққан жөн.
Қыстың қамын жаз ойла деп көпшілік салаттар дайындап жатқан болар. Сол салатқа қосатын чили бұрышы қолды ашытады. Артынша бұрыш ізі қалған қолымызбен көзімізді ұстайтын сәттер болады. Сол кезде қолыңызға паста жағып, 2 минуттан соң жуып жіберсеңіз, еш қиындықсыз өз ісіңізді жалғастырасыз.
Егер қолыңызды немесе денеңіздің басқа бөлігін байқаусызда күйдіріп алатын болсаңыз, үстіне бірден тіс пастасын жағыңыз. Оның қандай маркалы екені маңызды емес. Бастысы оны ұзағырақ ұстауға тырысыңыз. Тіс пастасы кепкен соң оны суық сумен жуыңыз. Қажет болса, осы тәсілді бірнеше рет қайталаңыз. Осылайша күлдіреуіктерден де арыла аласыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай