Тіс жуғанда тіс еті неге қанайды?

Тіс жуғанда тіс еті неге қанайды?
Фото: ru.freepik.com

Тіс етінің қанауы — кең тараған құбылыс. Сондықтан оның қандай себептерден пайда болатынын білген артық етпейді. Кей себептермен өздігінше күресуге болады. Ал басқаларымен міндетті түрде стоматологқа бару керек.

Шамадан тыс тазалау

Ауыз қуысы гигиенасы да шамадан тыс болуы мүмкін, ол қызыл иектің қанауына әкеледі. Егер щетканы қатты басып тазаласаңыз немесе өте белсенді қозғалыстар жасасаңыз, қызыл иек қанауы мүмкін. Сондай-ақ щетканың қаттылығын дұрыс таңдау маңызды. Егер қызыл иек қабынуға және қанауға бейім болса, қатты щетка жағдайды ушықтырып жібереді. Тіс жібін немесе тіс тазартқышты қолданғанда абай болу керек. Тіс пен қызыл иекті зақымдамас үшін дұрыс техника сақтаңыз: белсенді қозғалыстар жасамаңыз және тіс еті қабанып тұрса, оларды қолданбаңыз.

Темекі тарту

Бұл зиянды әдет тіс жегінің немесе тістердегі сары өңездің пайда болуымен ғана емес, сондай-ақ тіс етінің қанауымен де байланысты. Олардың сезімталдығы зиянды заттардың әсерінен артып кетуі мүмкін. Сондай-ақ темекі шегетіндерде тіс тастары жиі түзіледі. Ол да қызыл иек саулығына жағымсыз әсер етеді.

Дұрыс таңдалмаған тіс протезі мен брекет

Сәйкес келмейтін протездер қызыл иекті зақымдауы мүмкін. Онда жырықтар мен жаралар пайда болуы мүмкін, ал олар қанауға әкеледі. Әсіресе, түнде протезін шешпейтіндер осы проблемаға жиі шалдығады. Сондай-ақ протез тағу мен ауыс қуысының нашар гигиенасы жиі қызыл иектің қанауына әкеледі. Брекет тағу кезінде жаққа түсетін жүктеме дұрыс түспесе, тіс еті қанайды.

Жүктілік

Көптеген әйелдердің жүктілік кезінде қызыл иегі қабынады және қанайды. Бұл гормонды ауытқулар себебінен болады. Олар қанағымның артуына әкеледі, сондықтан тіс еті сезімтал бола түседі.

Дәрумендер жетіспеушілігі

Егер рационыңызға дәрумендер жетіспесе немесе ағза оларды сіңірмесе, сіз тісіңіздің қанайтынын байқауыңыз мүмкін. С дәрумені деңгейін бақылау маңызды. Себебі оның жетіспеуі қызыл иекті болбыр және қабынуға бейім етеді. Ал Е дәрумені ағза қабынумен және жасушалардың зақымдалуымен күресу үшін қажет. К дәрумені де маңызды: оның арқасында қан ұйығыштығы процесіне қатысатын протромбин синтезделеді. Егер ағзада дәрумен жеткіліксіз болса, қызыл иек еш механикалық әсерсіз қанауы мүмкін.

Дәрілер

Кей дәрілер қан ұйығыштығын нашарлатады, ал ол қызыл иек қанауының жиілеуіне әкеледі. Кейбір препараттар ауызды құрғатады. Ол қызыл иектің қабыну және қанау қаупін арттырады. Мұндай дәрілерге антигистаминдік препараттар мен антидепрессанттар жатады. Сондай-ақ жиі ингаляция жасағаннан да ауыз құрғайды.

Гингивит

Қызыл иектің қабынуы және ауыруы — гингивит белгілерінің бірі. Ол — парадонтиттің бастапқы стадиясы. Гингивиттің пайда болуының кең тараған себебіне тістерде өңездің жиналуы жатады. Егер оны алуға келмесе, ол қабынуға әкеледі. Алайда стоматолог гингивитті парадонтитке айналып кеткенше кетіре алады.

Созылмалы аурулар

Көптеген аурулардың себебінен тіс қанауы мүмкін. Мысалы, ол қант диабеті, асқазан жарасы, жүрек-қан тамырлар аурулары және саңырауқұлақ жұқпалары кезінде пайда болады.

А. Жапатова