Тіс дәрігерлері достарына қандай кеңес береді?

Тіс дәрігерлері достарына қандай кеңес береді?
Фото: kazagro.kz
Тісіңізді және ағзаңызды сау сақтау үшін төмендегі кеңестерді қолданыңыз. 
 

Күніне бір рет тіс жібін қолданыңыз
Тіс дәрігері сіздің тістеріңізді тексермей-ақ, күлкіңізге қарап тіс жібін қолданасыз ба, жоқ па айтып бере алады. Оны тісіңізде қалып қойған тағамдардан емес, тіс етінің түсінен аңғарады. Себебі тамақ қалдықтарын тазартпаса, тіс еті қабынып кетеді. Сондықтан тіс жібімен кем дегенде күніне бір рет тазарту керек. 
 

Бір сау емес тіс барлық ағзаға әсер етеді
Тіс сынып, бірақ ауырмаса, көп жағдайда дәрігерге баруға асықпаймыз. Ол ісіміз дұрыс емес, Пульпит (тіс ұлпасының қабынуы) ауруына шалдығып қалуыңыз әбден мүмкін. Соның салдарынан жұқпаны мұрын қуысы арқылы ағзаға таратады. Кіші жарық үлкен ауруға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан ауырмаса да, бірден тіс дәрігеріне көрінген жөн.
 

Шектен тыс ағарту
Үй жағдайында тісті ағарту кезінде абай болу қажет. Себебі тіс эмалін жұқартып алуыңыз мүмкін. Ағарту құрылғысын айына бір рет, ас содасын аптасына бір рет қана қолданған жөн. Ағарту рәсімін жасаған соң, 48 сағат өткенше кофе ішуге, темекі тартуға және бояуы бар сусындар мен азық-түлік қолдануға болмайды. Тісті табиғи жолмен ағарту үшін қышқылы мол жеміс-жидек (ананас, алма, алмұрт, құлпынай) жеу керек.
 

Кофені ұзақ ішу
Қанты бар кофені аз-аздап ұзақ уақыт бойы ішу тіс эмалін жылдам құртады. Сондықтан кофені қантсыз ішу немесе қантпен жылдам ішіп қою керек. Содан соң міндетті түрде тісті жуыңыз. 
 

Балаларға сүт тістерін ұстауға және қозғалтуға болады
Сүт тістері қозғалған кезде түсіп, қайта шығуын жеңілдетеді. Тістер 7-10 жас аралығында ауысады. Бала қолын аузына салған кезде қолын жуғанын қадағалаңыз. Балаға тісіне қалай көмектесу керегін түсіндіріңіз: тісті оңға және солға қозғап, өзегі бойынша айналдыру қажет. Қозғалып тұрған тісті жоғарыда айтылғандай күн сайын қозғау қажет. Сонда тіс түскен кезде ауырмайтын болады. 
 

Жағымсыз иіс
Егер тісіңізді, тіліңізді күнделікті уақытымен тазалап жүрсеңіз, аузыңызды шайсаңыз, темекі тартпасаңыз, пияз бен сарымсақ жемесеңіз, тісіңізде тамақ тұрып қалуы мүмкін тесік болмаса, бірақ сонда да иіс шығатын болса, міндетті түрде тіс дәрігеріне қаралыңыз. Егер тіс дәрігері өзінің жұмысына қатысты ешқандай мәселе таппаса, терапевке баруыңыз қажет. Себебі ауыздан шығатын жағымсыз иіс ішкі құрылысыңыздың ауруынан да болуы мүмкін. Иісті сағыз шайнау немесе спрей шашу арқылы кетіру, ауруды емдемейтінін есте сақтаңыз.

А. Жапатова