- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тірі аруақ немесе...
Тірі аруақ немесе 25 келі қыз
Бүгінде Монако елінде 39 жастағы мәскеулік Валерия Левитина, жақында баспасөз өкілдеріне өзінің ауыр тағдыры жайлы сыр шерткен болатын. Басты кейпкер өзінің балалық шағында жанұясымен бірге Монака еліне қоныс аударып, ол жақта көптеген адамдармен достық қатынас орнатқаны жайлы, сонымен бірге, ер азаматтардың ерекше назарына бөленгенін баяндады.
Әдетте бастан өткен бір оқиға немесе айтылған бір сөз адам өмірінің толықтай өзгеруіне себепші болып жататыны бәрімізге белгілі. Сол секілді Валерия да осындай оқиғаның құрбаны. Кезінде салмағы жайлы айтылған ескертулер Валерияның өз еркімен тамақтан бас тартып, сұлулықтың соңына түсуге тура келген. Алайда, оның салмақ тастау әрекеті, ақыры ауруға айнала бастаған.
Қазіргі таңда Валерия Левитинаның салмағы - бар болғаны 25 килограмм. Енді ол қатаң түрде белгіленген тәртіп бойынша әрдайым тамақтануға тиісті. Өзін мысал ретінде келтіре отырып, Валерия бойжеткендердің «жалған сұлулық үшін» мұндай қадамға бармауын тілейді.
Мына суретте Валерияның серуендеп жүрген кезі. Әрлі-берлі өткендер әлдебір нәрсенің елесін көргендей қыздан аулақ жүруде.
Валерия Левитинаның балалық шағында түскен фотосуреті.
27 жастағы Валерия
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: wowfacts.net
Ж. FM