- Негізгі бет
- Денсаулық
- Толық адамдар бақыттырақ...
Толық адамдар бақыттырақ болады
Ғалымдардың кезекті зерттеулері адамның көңіл-күйі, бақытты болуы, депрессияларға берілгіштігі оның физиологиясына, дене бітіміне байланысты екенін алғаш рет дәлелдеді.
Олардың айтуынша, артық салмақ жинауға жауапты кейбір гендер мутацияға ұшырайды екен. Және де олар адамның көңіл-күйіне әсер ететінін дәлелденді. Бұдан бұрын адамның көңіл-күйі мен стрестерге шалдығуы генетикамен-ақ байқалатыны белгілі болмаған.
Ақуызда мутацияға ұшырайтын геннің кейбір формалары артық салмақ жинауда пайда болады екен. Алайда ол мида да ерекше белсенділік байқатты. Артық салмақ пен көңіл-күйдің байланысын байқаған ғалымдар бұл тұжырымды тексеріп, таң қалды. Депрессия толықтауға әкелетіні емес, керісінше, толықтық депрессиялардан құтқаратыны дәлелденді.
Канада, Швейцария, Ұлыбританияда өткен кең ауқымды зерттеулер 28 мың адамды қамтыды. Олардың нәтижесі "толықтық гендері" бар адамдар депрессияға тұрақты, бақытты болады екен. Айта кетсек, кейбір жағдайларда адам толық емес, тек гені сондай мутацияланған бола алады.
Бұл мутация генді модификацияланып, метилдеу процесіне әкеледі. Ол гендердің белсенділігін қадағалап, оларды іске қосып, өшіріп отырады. Яғни бірдей гендерге бірден үлкен әсер ете алады. Сондықтан ол көңілді қадағалап, бір сөзбен айтқанда адамды бақытты қыла алады. Ғалымдар айтуынша ол Африкадағы депрессия дәрежесін 6,7% пайызға, Қытайда 2,2%-ға, Еуропада 5,3%-ға кемітеді екен. Бұл шама мутацияланған геннің берілген аймақта дамуына байланысты.
Алайда сұр статистика біздің қоғамда артық салмақты адамдардың көңілсіздеу келетінін көрсетеді. Бұл ортаның көзқарасы мен ішкі комплекстерге байланысты болуы мүмкін. Алайда артық салмақты кісілер мейірімді, көңілді көрінетіні де рас. Артық салмақ жинап бақытты бола қалуға кепіл бермейміз, алайда бұл байланыс енді ғылыми дәлелденді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: gbjorn.wordpress.com
С. А