- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тері қатерлі ісігі...
Тері қатерлі ісігі кімде пайда болуы мүмкін? Онколог сұрақтарға жауап берді.
Соңғы жылдары терінің қатерлі ісігі жастар арасында жиілей бастады. Әсіресе, аққұба адамдарда жиі кездеседі. Онколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Игорь Утяшев "Газете.Ru" басылымында бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Маманның сөзіне меланома тұқым қуалайды. Егер отбасы мүшелерінің бірінде терінің қатерлі ісігі анықталса, онда туындау қаупі артады. Сол себепті жыл сайын тексерістен өтіп тұрған абзал.
Тері жағдайын бақылауда ұстаңыз:
Тері қатерлі ісігіне шалдыққанда топтардың екінші — аққұба адамдар. Ақ және сары адамдарда меланин пигменті өте аз. Ал меланин болса теріні ультракүлгін сәуледен сақтайды. Аққұба адамдардың күнге күюі қиын, олар қызара бастайды. Осыдан-ақ терінің қорғанышы аз екенін байқауға болады.
Мең мен қалы бар адамдарға сақ болу керек:
Қауіпті аймақтағы тағы бір топ — туа бітті меңі мен қалы бар адамдар. Олар өздігінен қауіпті емес, бірақ олардың меланомаға шалдығу қаупі жоғары. Сол себепті олар өмір бойы мең мен қалдың жағдайын мән беру керек. Егер өсіп, ісіне бастаса бірден онколог көмегін жүгінген жөн.