- Негізгі бет
- Денсаулық
- Теңіз суының адам...
Теңіз суының адам ағзасына пайдасы қандай?
Теңіз суының және оған суға түсудің адамдарға пайдасы жайлы бұрыннан белгілі. Мысалы, суға түскеннен кейінгі құрғақ және ылғал тері температураларының ауысуы иммунды қорғанысты қатайтады және жүйке жүйесін тыныштандырады. Теңіз суының адам ағзасы үшін басқа қандай пайдалы тұстарын білесіз?
Теңіз суы теріні пайдалы минералдармен қанықтырады
Ересек адамның денесі шамамен 70% су мен онда еріген тұздан, сондай-ақ биологиялық белсенді органикалық және органикалық емес қосылыстардан тұрады. Теңіз суындағы тұз құрамы қан плазмасындағы иондардың құрамын еске түсіреді. Сондықтан да тұзды теңіз суына түсу теріні сергітеді және оны пайдалы минералдармен қанықтырады.
Теңіз суы жаралардың жазылу процесін жылдамдатуға көмектеседі
Теңіз суы нақты бактерицидті белсенділікке ие: ол жара, іріңдеген жер және басқа да қабыну процестерінің жазылу процесін жылдамдатады. Терідегі ұсақ тесіктер теңіз суындағы пайдалы минералдарды белсенді сіңіреді. Солайша, ол қажетті микроэлементтердің орнын толтырады. Тұзды судағы күкірт терідегі саңырауқұлақ жұқпасымен күресуге көмектеседі.
Теңіз суы құрамындағы йод жасушалардың қалпына келуін ынталандырады
Теңіз суындағы бағалы ингредиенттердің бірі — йод. Ол жүйке жүйесін қатайтуға, холестерин деңгейін және қалқанша бездің қалыпты қызметін сақтауға қажет. Ішкі органдар микроэлементтердің қажетті мөлшерін жеткілікті түрде алып тұрса, тері сау және жас көрінетін болады. Кей зерттеулер йод жасушалардың қалпына келуін ынталандыратынын көрсеткен.
Теңіз толқындары бұлшықеттерді қатайтуға көмектеседі
Судағы спорттық жаттығулар босаңсытып, демалтады. Сондай-ақ ол бұлшықеттердің түйілуі мен тартылуын кетіруге көмектеседі. Теңіз суында жүзу буындардың салқындау себебінен ауру синдромын азайтады, ал толқындар лимфа қайтуын белсендіреді. Олар сондай-ақ ұсақ қылтамыр, көктамыр және күретамырлардағы қан айналымды күйшейтеді.
Теңіз суы бас ауруын кетіруге көмектеседі
Теңіз суында жүзу адамның жүйке жүйесіне жағымды әсер ететіні дәлелденген. Ал тұзды судағы минералдар қан айналамын жақсартады және pH-теңгерімін қалыпқа келтіреді. Теңіз суы бас ауруынан арылуға көмектесетіні Ежелгі Грекия кезінен белгілі. Ол кездері мазасыздықпен және бас ауруымен қиналатын адамдарға тұзды судың буына демалуды ұсынатын болған. Себебі оның құрамында магний мен литий бар: олар тыныштандырушы әсерге ие және жүйке жүйесі жұмысын қалыпқа келтіреді.
Теңіз суына суға түсу тырнақ пен шашты қатайтады
Теңіз суында йод, магний және литийдан басқа кальций, күкірт, фосфор, мырыш және мыс секілді микроэлменттер де бар. Мұндай суда жүзу шаштың зиянды бактериялардан арылуына және тырнақтың қатаюына ықпал етеді. Тұзды суға түсу шашты жылтыр және тегіс қылғанымен, ол күн сәулесіне күйіп, әлсізденеді. Сондықтан теңізде суға түскеннен кейін бірден шашты тұщы суға бір шайып алыңыз және бас киім киюді ұмытпаңыз.
Теңіз суы құрамындағы марганец қандағы қант деңгейін азайтады
Қант диабетінің дамуын болдырмас үшін дұрыс тамақтану керек және салауатты өмір салтын ұстану қажет. Теңіз суы құрамындағы темір қанды оттекпен қанықтыруға көмектеседі, хал-жағдайды және жұмысқа қабілеттілікті жақсартады. Теңіз суындағы марганец холестерин синтезіне қатысып, қандағы қант деңгейін азайтады. Алайда, теңізге суға түсуге сағат 11:00-16:00 арасында бармаған жөн: бұл уақыттағы ультракүлгін сәуле денсаулық үшін қауіпті.
А. Жапатова