- Негізгі бет
- Денсаулық
- Темекіні тастауға итермелейтін...
Темекіні тастауға итермелейтін 12 дерек
COVID-19 инфекциясының өкпеге түсіп, салдарынан адам пневмонияға шалдығатыны биылғы пандемияда көпке мәлім болды. Ал темекі бұл тездетеді. Назарыңызға темекі туралы 12 деректі ұсынамыз.
♦ Жыл сайын дүниежүзінде 5,5 триллион темекі өндіріледі.
♦ Бүгінде әлемде шамамен 1,2 млрд темекі шегуші бар және олардың саны жастар мен әйелдер есебінен ұдайы өсіп келеді;
♦ Қазір 10 ер азаматтың үшеуі ғана темекі тартса (31%), 20 әйелдің біреуі ғана "көк түтінге" (6%) тәуелді. Ал 1980 жылы 10 ер адамның төртеуі (41%) және 10 әйелдің біреуі (10%) темекі тартқан;
♦ Шылым шегушілердің оннан бірі қатерлі ісіктен көз жұмады;
♦ Онкологиялық аурулармен ауыратындардың көпшілігі – темекі шегетіндер;
♦ Темекі шегу басқа аурулардың зиянын еселеп арттырады;
♦ "Темекі шегу қартайған кезде ақыл-ойдың ауысуын болдырмауға көмектеседі" деген тұжырым әлі дәлелденбеді, себебі медицинада темекінің оң аспектілері расталмаған;
♦ Темекіні тастау көпшілік ойлағандай қиын емес. Бұл әдеттен бас тартқандардың алпыс пайызы кейінірек оны тастау өзі ойлағаннан әлдеқайда жеңіл болғанын айтқан;
♦ "Бір грамм никотин жылқыны өлтіреді" деген сөз бар. Ал 5 тал темекідегі никотин адамды өлтіруге қабілетті. Бірақ адам ағзасы оны сіңірмейді, әйтпесе шылым шегуші алғашқы 5 тал темекіден кейін өмірімен қош айтысатын еді;
♦ Темекі түтінінде мышьяк, формальдегид, қорғасын, азот оксиді және аммиак сияқты қырықтан астам канцерогендер бар. Бұдан бөлек, темекі шегетін адамның денесіне сіңіп кететін иіс айнадағыларға жағымсыз болуы мүмкін;
♦ АҚШ-тағы әйгілі темекі жарнамасында ковбой костюмін киген екі актер өкпе рагынан қайтыс болған;
♦ Темекі шегу – денсаулықтан бұрын, қоршаған ортамызға зиян екен. Себебі оның қалдықтары жылдар бойы шірімей жата береді. Қалдықтар мұхитқа ағып барған соң, оны теңіз жануарлары мен құстар тамақ деп ойлап қалады. Теңіз экологиясын зерттеушілердің пікірінше, осының салдарынан көптеген жан-жануар уланады.