- Негізгі бет
- Денсаулық
- Темекіні тастаудың 12...
Темекіні тастаудың 12 әдісі
Темекі шегудің адам өміріне қаншалықты зиян екенін біле тұра оған тәуелділіктен арыла алмай келе жатқандар бар. Ол үшін біз ұсынған мына әдістерді қолданып көріңіз:
1. Темекі тастаудың белгілі бір күнін алдын ала белгілеңіз. Ол бір ай немесе 2 апта бұрын болуы мүмкін, оны өз қалауыңыз бойынша белгілеңіз. Осы уақыт аралығында бір күндік темекінің санын бір-екіден азайтып отырыңыз.
2. Темекі тартуға көбіне не себеп болатынын ойланып көріңіз. Мысалы көбісі тамақтан кейін темекі шегуді әдетке айналдырған. Ондайда темекінің орнын басқа нәрсемен, яғни шәй ішу немесе серуендеумен алмастырыңыз.
3. Үйде темекінің иісі болмауы үшін жиірек тазалаңыз.
4. Үйдегі темекі тартуға итермелейтін тұтатқыш, күл салғыш сияқты заттарды көзден таса жерге жинастырып тастаңыз.
5. Темекі тастаушылардың әдетте тәбеті ашылады. Ондайда ас мәзіріне жалбыз қосыңыз.
6. Темекі шеккіңіз келсе калориясы төмен көкөністер мен жемістер жеңіз.
7. Егер бірдеңе шайнағыңыз келсе, зиянсыз яғни қантсыз сағыз немесе даршын таяқшасын сорыңыз.
8. Суды көбірек ішіңіз.
9. Ішімдікті азайтыңыз немесе мүлде ішпеңіз. Психологтар ішімдіктің темекі тартуға итермелейтінін, адамды ерік-жігерінен айыратынын айтады.
10. Спортпен шұғылданыңыз.
11. Бос уақытыңызды алдын ала жоспарлап қойыңыз. Кейде адамдар уақыт өткізу үшін де темекі шегеді.
12. Қолыңызды бос қоймаңыз. Егер темекі айналдырып отыратын әдетіңіз болса, оның орнына сөзжұмбақ шешіңіз.
Сурет: baq.kz
Ж. Исакаев