- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тазалық сақтамаудан туындауы...
Тазалық сақтамаудан туындауы мүмкін қатерлі ісіктің 3 түрі
Біздің әдеттеріміз бен өмір салтымыз қауіпті аурулардың, соның ішінде онкологияның дамуына әсер етуі мүмкін, дейді дәрігерлер. Ал гигиенаға дұрыс мән бермесеңіз, оның салдары өте қауіпті болуы мүмкін.
Мамандар дененені кем дегенде екі күн сайын, шашты аптасына 2-3 рет жууға кеңес береді.
Бұл ережелерді сақтамау түрлі ауруларға алып келуі мүмкін дейді дәрігерлер. Ғалымдардың пікірінше, нашар интимдік гигиена онкологияның нағыз одақтасы, деп жазады британдық Express басылымы.
Ауыз қуысының қатерлі ісігі
Бірнеше жыл бұрын Индия хирургиялық онкология журналы тіс пен қызыл иектің нашар гигиенасы ауыз қуысының қатерлі ісігімен тығыз байланысты деп жазды. Темекі шегу мен алкоголь де ауруды жақындатады.
Бұл аурудң симптомдары жасырын жүреді, тек емдеу әлдеқайда қиын болған кейінгі кезеңдерде ғана көріне бастайды. Ерлерде ауыз қуысының қатерлі ісігі әйелдерге қарағанда екі есе жиі кездеседі.
Көбінесе бұл ауру 40 жастан асқан ерлерде кездеседі. Ауруды тіс дәрігеріне барып анықтауға болады.
Ауыз қуысының қатерлі ісігінің кейбір жиі кездесетін белгілері бар:
• бірнеше апта бойы жазылмайтын ауыз жаралары;
• ауыздағы еттің ісуі;
• лимфа түйіндеріндегі ісік;
• дауыстың өзгеруі немесе сөйлеу проблемалары;
• кездейсоқ салмақ жоғалту;
• қан кету;
• бір немесе бірнеше тістер ешқандай себепсіз босап қалады;
• жақтың қозғалуы қиындайды;
• ауыздың шырышты қабатында қызыл немесе ақ дақтар.
Жатыр мойны обыры
2022 жылдың басында жатыр мойны обыры туралы мақала Journal of Cancer Research and Therapy ғылыми журналында жарияланды. Ғалымдар зерттеуде интимдік гигиена ережелерін сақтамау – әсіресе етеккір кезінде, онкологияның дамуына әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді.
Жатыр мойны обырының жиі кездесетін белгілері:
• жанасу дақтары – яғни жыныстық қатынастан кейінгі дақ;
• іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну (жатыр мойны обырының озық сатыларында).
Жыныс мүшесінің қатерлі ісігі
Бұл қатерлі ісіктің сирек түрі. Ер адамда агрессивті ісік денеде пайда болады, ол жыныс мүшесі тіндеріне әсер етеді. Ол негізінен 60 жастан асқан ер адамдарда кездеседі. Ауру агрессивті түрде өтеді: пациенттердің үштен бірінде метастаздар онкологиялық процестің бірінші кезеңінде анықталады.
Жыныс мүшесі қатерлі ісігінің белгілері:
• Жаралардың, түйіндердің, сүйелдердің пайда болуы;
• зәр шығару кезінде ауырсыну;
• ісіну;
• ұлғайған шап лимфа түйіндерінің ауыруы;
• салмақ жоғалту;
• қатты әлсіздік және шаршау.
Ер адамдар дәрігерге баруға ұялады. Бірақ 40 жастан кейін урологқа жиі бары тұру қажет.
Өйткені, уақтылы диагностика – бұл простата және балалы болу мүшелерінің ауруларын ерте кезеңде анықтаудың жалғыз жолы.
Т. Раушанұлы