- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тауықтың жұмыртқасы ер...
Тауықтың жұмыртқасы ер адамға пайдалы
Финляндия ғалымдары ер адамның ағзасына тауық жұмыртқасының өте пайдалы екенін айтады. Мамандардың кеңесінше, ер адамның аптасына кем дегенде 4 дана жұмыртқа жегені жөн.
Сәйкесінше, күніне бір жұмыртқа жеп тұрған ер адамға пайдалы екен. Бірақ бір айта кетерлігі бар: жұмыртқаны үнемі жеп жүргенде ғана пайдалы болмақ.
Ғалымдардың айтуынша, жұмыртқаның құрамындағы холестерин ер адамға ең қажетті элементтердің бірі екен. Жұмыртқаның холестерині жүрек бұлшықетіне жағымды әсер етеді. Сондай-ақ, қант диабетінің алдын алуға көмектеседі.
Ғалымдардың айтуынша, адам холестериннің көптігінен қорықпауы керек. Бастысы – оны тепе-тең дәрежеде ұстау. Жұмыртқаның құрамында холестериннің молекулалық құрылымы дәл тестостеронға (ер адамға тән гормон) ұқсас. Сондықтан жұмыртқа ер адамның ағзасында тестостеронның көбеюіне ықпал етеді.
Қ. Слямбек