Тамақ салынған ыдысқа шаш түсіп кетсе зиян ба?

Тамақ салынған ыдысқа шаш түсіп кетсе зиян ба?
Фото: dlyarostavolos.com

Тамақ құйылған ыдысқа шаш түсіп кеткен жиіркенішті, әрине. Қылды алып тастауға, кейде тіпті тамақты төгіп тастауға дейін барамыз. Ал бұл денсаулыққа қаншалықты зиян?

Бірден айта кетейік, тамаққа түскен шаштың денсаулыққа зияны жоқ. Popular Science зерттеуіне сенсек, шаштың құрамында кератин атты ақуыздың түрі болады. Оның асқорыту жүйесіне зияны аз әрі химиялық жағынан енжар.

Шаштың асқазанды қабындырар бір құрамы бар. Ол – Staphylococcus aureus бактериясы. Алайда бір не екі тал қылдың құрамындағы мөлшері аз бактерия асқазан не ішекті қабынтуы екіталай. Егер шаш тамаққа қайнап жатқанда түсіп кетсе, зиян жағы мүлде жойылып кетпек. Бір сөзбен айтқанда, адам асқазаны шашты оңай қорытады.

Ал егер шаш шумақталып, оралып барып ішке түсіп кетсе, онда бұл – қиын жағдай. Психологияда "Рапунцель Синдромы" немесе трихофагия деген психологиялық ауытқу түрі бар. Бұған шалдыққан адам стреске түскен кезде, шашын жұлып шайнап жей беретін болады.

Шаш асқазанда оратылып жинала келе, домалақтанып тығындалып қалады. Мұны ота жасап алудан басқа амал жоқ.

Қ. Слямбек